Массагеттен мәзір: "Нәзіктік" салаты

Массагеттен мәзір: "Нәзіктік" салаты
Фото: massaget.kz

Адамдардың көпшілігі краб таяқшасынан жасалатын салаттарды біледі. Солардың бірі – "нәзіктік" салаты. Ол өте жұмсақ әрі үлпілдек болып шығады. Оны үлкендеу ыдысқа немесе әр адамның алдына кішкентай ыдыстарға да дайындауға болады. 

1 үлкен немесе 2 кішкентай ыдысқа қажетті азық-түлік:

- 2 жұмыртқа;
- 150 г ірімшік;
- 200 г краб таяқшасы;
- майонез (немесе қаймақ).

Краб таяқшаларын үккіштің ұсағынан өткіземіз.

Оның жартысын ыдысқа саламыз. Қалғанын алып қоямыз.

Краб таяшасының бетіне майонез саламыз.

Ірімшікті үккіштің ұсақ көзінен өткіземіз.

Ірімшікті ыдысқа саламыз.

Ірімшіктің үстіне азғантай майонез жағамыз.

Жұмыртқаны да үккіштің ұсақ көзінен өткіземіз.

Жұмыртқаны ыдысқа салып, майонез жағамыз.

Соңынан краб таяқшасының қалған жартысын саламыз.

"Нәзіктік" салаты дайын!

Біздің мақалалар Telegram желісінде. Арнамызға қосылыңыз!

А. Жапатова