Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Массагеттен мәзір: Орамжапырақ салаты

Массагеттен мәзір: Орамжапырақ салаты

Массагеттен мәзір: Орамжапырақ салаты

Құрметті оқырман, бүгін біз жеуге жеңіл тағамдардың бірі ретінде орамжапырақтан жасалған салаттың жасалу жолдарымен бөліспекпіз.

Құрамы: 

  • кішігірім орамжапырақ;
  • 2 қызанақ / 2қияр;
  • 2 суға піскен жұмыртқа;
  • 4 краб таяқшасы;
  • киндза;
  • тұздалған жүгері;
  • майонез;
  • тұз.
Орамжапырақты текшелеп, жіңішкелеп тураймыз.
Краб таяқшаларын да текшелеп тураймыз.
  Жұмыртқаны текшелеп тураймыз. (Сарысын тым майдалап жібермеуге тырысу керек).
  Қиярды да текшелеп тураймыз.
  Содан соң қызанақты тураймыз. (Қызанақ суының шығып тұрғаны салатты дәмді етеді).
  Текшелеп турауды киндзамен аяқтаймыз. (Киндзаны көп қосудың қажеті жоқ. Салатқа өзіндік дәм берсе жеткілікті).
 

Текшелеп туралған көкөністерді шұңғыл ыдысқа салып, үстіне жүгері және майонез құямыз. (Жүгері суы салатқа көп құйылмағаны жөн. Әйтпесе ол қызанақ суымен қосылып, жұмыртқаның сарысын бүлдіреді).

Бәрін салып біткен соң, көзбен өлшеп тұз салып, араластырамыз.

Салат дайын! (Жеместен бұрын тоңазытқышқа бір сағатқа салып алған жөн). 

Астарыңыз дәмді болсын!

Ас үйде болған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: автордан

6855 9
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 18 қыркүйек 2013, 16:20
Пікірлер
+0
18 қыркүйек 2013, 16:12

Әдемі шығыпты. ;)

+0
18 қыркүйек 2013, 16:15

Оп-оңай салат) керемет

+0
18 қыркүйек 2013, 16:28

Есте жүретін болды)

+0
18 қыркүйек 2013, 16:30

Бүгін осындай салат жасап бер деп бәлені шығарсам ба :lol:

+0
18 қыркүйек 2013, 17:05

Оңай салат екен ғой, жасайтын болам

+0
18 қыркүйек 2013, 23:39

аппетитм ашылып кетті :D

+0
21 қыркүйек 2013, 16:35

менің ең көп жасайтын салатымның бірі. Дәмі керемет.... ;)

+0
11 тамыз 2014, 19:28

Кешіріңіз, бір түзету енгізсем, ренжімеңіз.) "Орамжапырақты текшелеп, жіңішкелеп тураймыз." деп жазыпсыз. Текше дегеніміз "куб" немесе "кубик" сөзінің аудармасы. ал сіз кубиктап емес, ұзыншалап турап жатырсыз,яғни орысшасы "соломка". соломка мен кубик екі түрлі. осы жерін дұрыстасаңыз. оқып отырып шатасып қалдым. рахмет)

+0
11 тамыз 2014, 19:34

естуім бойынша, краб таяқшаларының сыртындағы қызыл бояу - мұсылман халқы үшін харам дүние екен. Краб таяқшасының шаянға еш қатысы жоқ, сыртындағы қызыл бояу "кармин" атты қоңыздан алынады. сол үшін, мен, краб таяқшалары бар салат жасайтын кезде, таяқшаның сыртындағы қызыл бөлігін жұқалап кесіп, алып тастаймын. біліп жүргеніміз жөн болар деп жазып жатырмын. Харам заттардан аман болайық!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев