Ағзаңызға пайдалы 5 өнім

Ағзаңызға пайдалы 5 өнім
Фото: Жас Атырау

Көптеген адамдар көкөністер мен жеміс-жидектердің адам ағзасы мен денсаулығына пайдалы екенін жақсы біледі. Сонымен қоса, бұл өнімдер дұрыс тамақтанудың себепшісі. Өйткені, олардың құрамында дәрумендер өте көп. Дегенмен, жемістер мен көкөністердің қай түрін тұтынған жөн? Ендеше, біз сіздерге денсаулыққа пайдалы 5 өнімді назарларыңызға ұсынамыз.

фыв

Қызылша

Егер қызылшаны езіп суын ішетін болсаңыз, ол сіздің ағзаңыздың тазаруына септігін тигізеді. Оның құрамында С дәрумені бар. Сондай-ақ, ол ішектегі органикалық қышқылдар мен бактериалды жояды. Сонымен қатар, қызылша бауыр токсиндеріне ықпал етіп ағзаның жасаруына және тері, шаш пен тырнақтың өсуіне ықпал етеді.

цук

Ақ қауынды қырыққабат

Бұл көкөністі тағамға қосқан өте пайдалы. Себебі, оның құрамында металдар бар. Ақ қауынды қырыққабат органикалық қышқылдарға бай және көптеген аурулардың алдын алады. Оның құрамында өте сирек кездесетін U дәрумені болғандықтан, ас қорытуды жақсартады.

фы

Сарымсақ

Сарымсқтың құрамында аурудың алдын алуға болатын төрт қасиет бар.  Холестеринді жояды, қанды тазалайды, ми ісігінің алдын алады және туберкулез таяқшасына да әсер етеді. Мұнымен қоса, сарымсақ тіс ауырғанға да көмегін тигізеді. Сондықтан, сарымсақты тағамға жиі пайдаланған жөн.

ыва

Пияз

Оның басты құндылығы- фитонцида қамтылған, эфир майларында. Бұл бірнеше уақытқа дейін бактериаларды өлтіреді. Пияз ас қорытуды жақсартып, ағзаны барлық зиянды заттардан тазалайды.

яч

Саумалдық (Шпинат)

 Саумалдық - пайдалы көкөністердің ішінде бірінші орында тұр. Оны диетологтар қолдануға көптеп кеңес береді. Ол А,B, РР, Е дәрумендерге бай. Сондай-ақ, оның құрамында адам ағзасына пайдалы йод бар.

 

Дереккөз: zhasatyrau.kz

Т. Есқали