Қытай лапшасына дәм берейік

Қытай лапшасына дәм берейік
Фото: Пикабу

Қытай лапшасын студенттердің сүйікті асы деп жатады. Себебі бағасы өте арзан. Роллтон, доширак, Big Bon атауларымен танылған тез пісетін лапшаларды студенттерден бөлек сағынып жейтін жандар аз емес. Бірақ бағасына қарай жегеннен кейін көп уақыт өтпей жатып қайта қарын ашатыны көпшілігіңізге таныс болар. Сондықтан оған өзгеше дәм беріп әрі құнарлылығын арттыруға болады.

Тағамды бірнеше адамға дайындар болсаңыз, тәрелкеге емес, кәстрөлге салыңыз.

Дәм қосатын бірінші әдіс, жұмыртқа. Пісіп жатқан роллтонға шикі жұмыртқаның бірнешеуін салыңыз. Роллтонмен бірге жұмыртқа да піседі.

Екінші тәсіл, ет. Қалбырдағы бұтырылған етті қоса сатып алыңыз. Лапша пісірер кезде суын құйғаннан кейін бұқтырылған етті де салыңыз, өте дәмді етті лапша пісіп шығады.

Тағы бір әдісі, кішкене шұжықтар (сосиска). Лапшаны бөлек ыдысқа пісіріп аласыз. Одан соң шұжықты пісіресіз. Екі жағын бейнежазбада көрсетілгендей кесіп, оған піскен лапшаны орап, қуырасыз. Оңай да тез пісетін, дәмді тағам алдыңызда. Ас болсын!

@. @assel_assanova