Жеміс бәліші

Жеміс бәліші

Құрамы: 

Қамыр:

  • 100 г ұн;
  • 100 г картоп крахмалы;
  • 100 г ерітілген маргарин;
  • 3 дана жұмыртқаның сарыуызы;
  • 1/2 стақан сүт;
  • 1 ас қасық қант;
  • 1/4 шәй қасық қамыр қопсытқышы;
  • бір салым тұз;

 

Салынды:

  • банан, алма (басқа да жемістерді салсаңыз болады) - 2-3 данадан.
  • 150-200г қант.

 

 

Дайындалу жолы:

Жемістерді текшелерге тураймыз.

Оларға қант қосып араластырамыз.

Жұмыртқаның сарыуызын қантпен араластырамыз.

Қамыр қопсытқышын қосамыз.

Ұн, картоп крахмалы,  ерітілген маргарин, сүт, тұз салып әбден араластырамыз.

Бәліш пісіретін қалыпты майлап, қажет болса, пісіруге арналған қағазды төсейміз. Қантпен араласқан жемістерді саламыз. 

Үстінен қамырды құямыз.

Пісіру пешіне 180 градуста 45 минутқа саламыз.

Бәліш дайын! Асыңыз дәмді болсын!