Тез дайындалатын сэндвичтер

Тез дайындалатын сэндвичтер
Фото: lifehacker.ru

Таңғы ас – күннің берекесі. Жұмысқа не сабаққа асығып жүріп, берекесі мол азықты да ұмытып кетіп жатсаңыз, сіздерге мынадай жылдам әзірленетін мәзірлерді ұсынамыз. 

1-мәзір. Авокадо 

Қажетті азық-түліктер: 

- ¼ авокадо; 
- 2 ас қасық қоспасыз йогурт; 
- 1 шай қасық лимон шырыны; 
- ¾ кесе піскен тауық еті; 
- нан тілімі; 
- салат жапырағы; 
- 1 қызанақ; 

Дайындалуы

Бір ыдысқа авокадо мен йогуртты және лимон шырынын араластырасыз, піскен тауық етін ұсақтап турап, барлығын араластырасыз. Нанның үстіне қызанақтың бір тілімін, оның үстіне дайындалған тауық салатын салып, салат жапырағымен «жауып» қоясыз. 

2-мәзір. Балық еті және көк 

Қажетті азық-түліктер: 

- тілім нан; 
- 1 банка консервіленген балық еті; 
- 2 ас қасық лимон шырыны; 
- 2 шай қасық зәйтүн майы
- ½ кішкентай қызыл пияз; 
- ½ кесе тәтті бұрыш; 
- 2-3 жапырақ ақжелкен; 
- қалауыңызша тұз бен бұрыш;

Дайындалуы 

Консервідегі балықты майынан «ажыратып», бір-бірлеп тәрелкеге салып қойыңыз. Зәйтүн майын, лимон шырынын, майдалап туралған қызыл пияз бен тәтті бұрышты, ақжелкекті балықпен бірге аралыстырыңыз. 2 тілім нанның ортасына салатты салып дайындап, жесеңіз болады.

3-мәзір. Бұршақтар мен тауық еті 

Қажетті азық-түліктер: 

- 100 гр піскен тауық еті; 
- ½ кішкентай авокадо; 
- ½ кесе консервідегі бұршақ (қалауыңыз бойынша); 
- 2 ас қасық қоспасыз йогурт; 
- ¼ шай қасық сарымсақ ұнтағы; 
- өзіңіз қалаған салат жапырағы; 
- тілім нан; 

Дайындалуы 

Тауық етін майдалап турап, жапырақтан басқа ингредиенттерді араластырыңыз. Тілім нанның үстіне салат жапырағын төсеп, бетіне дайындалған қоспаны салып, оның бетіне екінші нанның тілімін салыңыз. Дайын! 

4-мәзір. Тауық еті және алма

Қажетті азық-түліктер: 

- қуырылған не пісірілген тауық еті; 
- нанның тілімі; 
- салат жапырағы; 
- өзіңіз ұнататын ірімшік; 
- 1 алма; 

Дайындалуы 

Алманың ортасын алып тастап, дөңгелек пішінде, жұқалап тураңыз. Тауық етін де майдалап тураңыз. Нан тілімінің үстіне салат жапырағын, туралған алманы, ірімшік және майдаланған тауық етін салыңыз. Сэндвич құрғақ болмас үшін лимон шырынымен араласқан табиғи йогурт қоссаңыз болады. 

5-мәзір. Шалғам және кілегейлі ірімшік 

Қажетті азық-түліктер: 

- 120 гр кілегейлі ірімшік; 
- аз-кем аскөк; 
- нан тілімі; 
- 6-8 орташа шалғам; 
- қара бұрыш пен тұз; 

Дайындалуы 

Кілегейлі ірімшікті майдалап туралған аскөкпен араластырыңыз. Қоспаға қара бұрыш пен тұз қосыңыз. Шалғамды жұқалап тураңыз. Нан тілімінің үстіне аскөк қосылған кілегейлі ірімшік жағып, туралған шалғамды қойыңыз. 

Г. Берік