Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Ашылған және туралған көкөністерді қалай сақтаймыз? #2

Ашылған және туралған көкөністерді қалай сақтаймыз? #2

Ашылған және туралған көкөністерді қалай сақтаймыз? #2

Кей кездері бос уақыт болғанда көкөністерді алдын ала ашып қойып, содан соң керегіне қарай қолданғымыз келетін жағдайлар болады. Кейде мөлшерден тыс көкөністерді ашып, турап қоямыз. Артығын тоңазытқышқа салып қойсақ, келесі қолданғанша солып қалады. 

Әрине, көкөністі ашу мен тамаққа пайдаланудың арасы ұзақ болмағаны жақсы. Себебі, көкөністерді ашыған соң уақыт өте  бойындағы дәрумендерін жоғалта бастайды. Алайда, бірнеше кеңесті біле отырып, ашылған көкөністердің мерзімін бірнеше күнге ұзартуға болады.

Кей кеңестер ішінде көкөністерді тоңазытқышқа салар алдында оларды булау (бланшировать) керек деген ұсыныстар кездеседі. Ол ашылған және туралған көкөністерді қайнап тұрған суға 30 секунд-5 минут аралығына (көкөністердің тығыздығына байланысты) салып шығу дегенді білдіреді. Көкөністерді тіпті жартылай пісірмей жай ғана жұмсартып алады. Азықты булау деңгейін дәміне қарап анықтайсыздар. Көкөністерді булап болған соң оларды өте суық суға саласыз. Одан соң суын төгіп, құрғату керек. Булаудан соң тоңазытқышта сақталған көкөністерді тек сорпаға, бұқтырылған етпен дайындалатын тағамдарға, яғни көкөністің қалыңдығы (түрі) маңызды емес тағамдарға қолдана алатынуға жарайтынын ескеріңіз. 

Басы

Болгар бұрышы
Туралған бұрыштың бөліктерін қағаз майлыққа орап, контейнерге салып, 2-3 күн тоңазытқышта сақтауға болады. 

Баклажан
Туралған баклажан тез қараяды, сондықтан, тоңазытқышқа салар алдында оған тұз сеуіп, лимон сөлін шашып сақтаған жөн. Булау арқылы баклажанды мұздатқышта 3 айға дейін сақтауға болады. 

Қызанақ
Қызанақтар кесілген соң ылғалдылығын тез жоғалтады. Кесілген қызанақтың жартысын туралған жерін төмен қарата ыдысқа салып, тоңазытқышта 1 күнге ғана сақтай аласыз. Қызанақтар мұздап қатыруға келмейді. 

Пияз
Туралған пиязды контейнерге салып, 1 күн сақтай аласыз. Одан соң ол солып, дәмі кете бастайды. Қуырылған пияз ғана мұздатып сақтауға жарамды және дәмін жоғалтпайды. 

Қияр
Туралған қиярларды контейнерге салып, тоңазытқышта 2-3 күнге дейін сақтауға болады. 

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: www.liveinternet.ru
Қосылған күні: 20 сәуір 2016, 14:34

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.