3 минутта әзірленетін печенье

3 минутта әзірленетін печенье
Фото: aromatizator.in.ua

Бұл — асығыс-үсігіс жүретін адамдарға арналған печенье. Оған небары 3 ингредиент қажет. Қамырын дайындауға 3 минут қана жеткілікті. Ал пешке салып қойғаннан кейін басқа шаруаларыңызбен айналыса берсеңіз болады. Аяқ астынан тума-туыстарыңыз, жора-жолдастарыңыз келіп қалса, тез арада дайындай аласыз.  

Ол үшін сізге:

— 3/4 стақан бөлме температурасындағы кілегей майы;

— 1/2 стақан қант;

— 2 стақан ұн керек.

Дайындау жолы:

1. Барлық ингредиентті араластырып, қамырды илеңіз.

2. Қамырды илеп болған соң, одан сопақша пішін жасаңыз. 

3. Жан-жағына қант сеуіп, тоңазытқышқа немесе мұздатқышқа салып салқындатыңыз.

4. Одан кейін печеньені шамамен 170 градус температурада 20 минут пісіріңіз. 

Асыңыз дәмді болсын!

Ж. Исакаев