Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Массагеттен мәзір: Қуырылған саңырауқұлақ

Массагеттен мәзір: Қуырылған саңырауқұлақ

Массагеттен мәзір: Қуырылған саңырауқұлақ

Әйел адамның көпшілігі таң атқаннан "кешкі асқа не әзірлеймін" деген сұрақпен бас қатырады. Ал сіз саңырауқұлақты қуырып көріп пе едіңіз? Жоқ десеңіз, Массагет порталы бүгін сіздерді ерекше мәзірмен қуантады. Күнделікті макароннан жалыққан кезде жұбайыңыз бен балаларыңызды осы дәмді саңырауқұлақ тағамымен қуантыңыз.

Қажетті азық-түліктер: 

- 1 пияз;

- 300 гр ет;

- 300 гр саңырауқұлақ;

- 5-6 картоп;

- 2 ас қасық қаймақ;

- өсімдік майы;

- тұз, бұрыш.

 Пиязды жіңішке етіп тураймыз.

 Қызып тұрған өсімдік майына қуырамыз.

 Етті төртбұрышты етіп тураймыз.

Пияздың үстіне етті салып қуырамыз. Еті тез пісуі үшін жас малдың етін алған жөн.

 Отты баяулатып қоямыз. 

 Саңырауқұлақты ұзынша етіп тураймыз.

 20 минуттан соң, туралған саңырауқұлақты еттің үстіне салып қуырамыз.

 10-15 минуттан соң, қаймақ салып, жақсылап араластырамыз.

 Ыдыстың қақпағын жауып, еті піскенше баяу отта ұстаңыз.

 Картопты тазалап, ірі-ірі етіп тураймыз.

Қазанға картоп батып тұратындай етіп су құямыз. Қатты қайнағанша 5 минуттай ұстап, одан соң отты баяулатып қоямыз. Картоп піскен соң, ыдысты оттан алып тастаймыз.

Тағамымыз дайын! Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 04 желтоқсан 2015, 12:06

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.