Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Массагеттен мәзір: Саңырауқұлақ пиццасы

Массагеттен мәзір: Саңырауқұлақ пиццасы

Массагеттен мәзір: Саңырауқұлақ пиццасы

Пицца – соңғы кезде елімізде үлкен танымалдыққа ие болған тағам. Демалыс күндері пиццаны өзіңіз әзірлеп, үйдегілерді қуантыңыз.

Қамыр құрамы:

  • 5-7 грамм құрғақ ашытқы;
  • 150-200 мл сүт;
  • 1 ас қасық қант;
  • 1 жұмыртқа;
  • тұз;
  • 2,5 ас қасық зәйтүн майы;
  • 250-300 грамм ұн;

Салынды:

  • 300 грамм шұжық;
  • 200 грамм саңырауқұлақ;
  • 100 грамм қара зәйтүн;
  • кетчуп;
  • 100 грамм ірімшік.
Жылы сүтке қант пен ашытқыны қосып араластырыңыз. Ерітіндіні 15 минутқа қалдырып қоямыз.
Жұмыртқаға тұз, май қосып, араластырыңыз.
Жұмыртқаны ашытқы ерітіндісіне қосып, бірге араластырамыз.
Ерітіндіге ұн қосып, қамыр илейміз. Қамырды кем дегенде жарты сағатқа жылы жерге қою керек.
Сол уақытта салындыны әзірлей береміз. Мысалға, шұжықты тураймыз.
Қамырды дөңгелек етіп жаямыз.
Оны алдын ала майланған табаға жаямыз. Пиццаның шетін жиырып қоюға болады.
Пицца бетіне кетчуп жағыңыз.
Үстінен салындыны саламыз. Бірінші кезек етті құрамдас бөліктерде.
Келесі кезек туралған саңырауқұлақта.
Зәйтүнді майдалап турап, пиццаның бетіне жайыңыз.
Пиццаны 20-25 минутқа 180 градусқа дейін қыздырылған пешке саламыз. 15 минут өткеннен кейін пиццаны шығарып, үстіне үккіштен өткізілген ірімшік себіңіз.
  Пицца дайын! Астарыңыз дәмді болсын.

Ас үйде болған: Сания Аринова

10
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 07 ақпан 2014, 18:19
Пікірлер
+0
07 ақпан 2014, 19:28

Осы пиццаның қамырын илеуден қиналам, құрамын енді білдім жасап көреміз

+0
10 ақпан 2014, 09:57

Мына қамыр пицца үшін мінсіз. Келесі күні де жұмсақ болып тұрады)

+0
07 ақпан 2014, 20:33

Осы пицца МАССАГЕТтің ұлттық тамағы-ау дим, я ?

+0
08 ақпан 2014, 21:06

туууу пиццаны жаным суйедиииии фаст фуд болса да :idea: :lol: :evil:

+0
09 ақпан 2014, 16:28

Қазiр ғана тапсырыс беріп отыр ем. Өзің-ақ жасай салмайсың ба деп ұрсатын бiреу керек боп тұр енді ; )

+0
10 ақпан 2014, 09:57

Өзің жаса келесі жолы, қамыр үшін қорықпа, оп-оңай :)

+0
10 ақпан 2014, 13:55

зәйтүнді ұнатпаймын (з), оның орнына басқа нәрсе қоса салайыншы?

+0
10 ақпан 2014, 21:16

Пиццаның қамыры қызық болып жүрген еді, жақсы болды ғой...

+0
04 наурыз 2014, 12:49

Сания қамырды сал жумсактау етип илеу керек пе, бауырсақтыкы сиякты ше........

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.