Картоп дайындау құпиялары

Картоп дайындау құпиялары

Кез келген нәтижелі іс тәжірибенің арқасында келеді. Бірден мықты аспаз болып кету мүмкін емес. Бұл үшін шыдамдылық пен қажырлы еңбек қажет. Үй шаруасын анамыз бен әжемізге қарап үйренеміз. Білмегенімізді игеруге болашақ енеміз де көмектеседі. Бірақ нағыз мамандардың кеңесін ешкім де алмастыра алмайды. Олар, біріншіден, кез келген тамақты көтеріңкі көңіл-күймен дайындау керек. Көңілсіз болсаңыз, бутерброд, жұмыртқа, тұшпара, котлет сынды жеңіл тағамдармен шектеліңіз деп кеңес береді.

Ары қарай картопты дәмді пісірудің құпияларын ұсынамыз:

- Картопты ұзақ уақытқа суға салсаңыз, сол сумен пісірген дұрыс. Өйткені құрамындағы пайдалы заттар молынан сақталады;

- Жақсы картоп былбырап піседі. Егер оны қабығымен пісіру керек болса, тұздалған орамжапырақ пен қиярдың суын қосыңыз. Немесе орнына сірке суы мен тұзды көп мөлшерде қолдануға болады;

- Картопқа ас қасықпен маргарин немесе сары май қоссаңыз, жылдам піседі;

- Картоп пюресіне ыстық сүтті ғана қосқан жөн. Суығын қосқан жағдайда сұр түске боялып кетеді;

- Картопты табаға салмас бұрын суық сумен жуып, кептіріп алсаңыз, қазанда күймейді;

- Ал дәмді болу үшін бірнеше минутқа ыстық суға салып, артынша кептіріңіз;

- Картоп қытырлақ болсын десеңіз, тұзды қуырылып біткен кезде қосыңыз;

- Ал картоп котлеттері құрамына ас содасын қосқан жағдайда дәмді болады;

- Қызарып піскенін қаласаңыз, бетіне аз ұн себіңіз;

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет:domashniy.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Магистратура-2020: Кешенді тестілеу қалай өтеді?
Магистратура-2020: Кешенді тестілеу қалай өтеді?
Қазақстанда медианың негізгі принциптері бекітілмек
Қазақстанда медианың негізгі принциптері бекітілмек
Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Тозақ оттары жымыңдайды: Кеселді дерт, ғапыл өлім мен түпсіз үрей
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Дидар Амантай. Біреудің өмірі
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
Кавасаки синдромы жайлы не білу керек?
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"
"Біз қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге тырысамыз"