Массагеттен мәзір: Пеште пісірілген тауық еті

Массагеттен мәзір: Пеште пісірілген тауық еті
Фото: massaget.kz

Бүгін тауық етін және көкөністерді пеште арнайы қаптамаға салып пісірудің жолын ұсынамыз. Бұл тағамды дайындауға көп уақыт кетпейді.

Картоп, сәбіз және пиязды тазалап аламыз.

Тауық етіне қара бұрыш, қызыл бұрыш және тауыққа арналған дәмдеуіштер қосып, араластырамыз.

Оған көкөністерді салып тағы да араластырамыз. 

Барлығын арнайы қаптамаға саламыз. Аузын буып, қаптаманы бірнеше жерден шанышқымен тесеміз. Пеште 180 градус температурада 40 минут шамасында ұстаймыз.

Тауық еті дайын! Астарыңыз дәмді болсын!

Құрметті Массагет оқырмандары, өздеріңіз жасаған мәзірлеріңізді суретке түсіріп, massagetkz@gmail.com поштасына жолдауларыңызға болады. Суреттер сапалы болса, міндетті түрде жариялаймыз. Егер суретке түсіруге мүмкіндігіңіз болмаса, рецептісін жазып жіберіңіз. Асыға күтеміз!

А. Жапатова