Тауық етінің пайдасы

Тауық етінің пайдасы

Тауық етінде (күркетауық еті де өте ұқсас болып келеді) дәнекер тіндер өте аз болып келетіндіктен, көбіне нәзік әрі жұмсақ болады. Құс етінің ақуызында сирек кездесетін қышқылдар және қанықпаған май қышқылдары көп. Олар тез ериді, өте сіңімді, асқазан-ішек жолында тез қорытылады.

Құс етінің құрамында В, Н, РР дәрумендері, калий, магний, натрий, темір, фосфор, мырыш, кальций, мыс секілді минералды заттар бар.

Диетологтардың көбі адамның қалыптасып қалған тамақтану үрдісін өзгерту керек дегенді айтады. Мамандарымыз мұндай кезде қой, сиыр, тіпті жылқы етінің орнына тауық пен балық етін жеп тұрған жөн деп санайды. Ең бастысы, құрамындағы холестерин мен липотропты заттар жөнінен құс етінің сиыр мен қоян етінен айырмашылығы жоқ.

Көпшілік қауым тауық етінен даярланған тағамдарға тән иістерді ұната бермейді, ал кейбірі оны зиян деп жатады. Бұл күмәніңіздің де жөні бар. Өйткені, аталған иіс глютамин қышқылының, эфир майларының, азоты бар экстактивті заттардың, әсіресе пуринді негіздердің әсерінен болып келеді екен. Сондықтан тауық сорпасын, қуырылған тауықты балалар мен қарттардың емдәмінде ғана емес, күнделікті тағамдарыңызда да шектеулі түрде пайдаланғаныңыз дұрыс.

Терісі сыпырылған қайнатылған тауық етін қатаң емдәмдерде ғана жеуге болады. Ал тауық балапанын тек қайнатылған күйде ұсынған жөн.

Суреттер:vkusom.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева