Арықтататын дәмдеуіштер

Арықтататын дәмдеуіштер

Арықтау сіз үшін қиын және ұзақ үдеріске айналса, ағзаңызға көмектесіп, мына дәмдеуіштерді рационыңызға қосыңыз. 

Даршын (корица)

Бұл тәттіге құмар аруларға көмектесе алатын бірден-бір дәмдеуіш. Ол тәттіге деген құмарлықты жеңіп, қан құрамындағы қант шамасын тұрақты қылып ұстап тұра алады. Яғни ол тәбетіңізді бақылап, артық жеп қоюға бермей тұрады. Сондай-ақ даршын зат алмасу процесін жақсартады. Бастысы даршынды тым тәтті, қант көп қосылған тағамдармен бірге жемеу.

Ваниль

Ваниль - шоколадты артық жейтін қыздарға көмек. Ваниль қосылған шәй не ваниль иісі бар майшам әсері сізге кезекті шоколадтан бас тартуға көмектеседі. Сондай-ақ бұл дәмдеуіш көңіл-күйді жақсарта алады екен.

Чили бұрышы

Чили бұрышы - әлемдегі ең ащы дәмдеуіштер қатарынан. Ол тамаққа тез тойдырып, аштық сезімін басады. Зат алмасу процесін тездетіп, артық майлардың тез жойылуына кепіл бола алады.

Жалбыз


Жалбыздың иісі-ақ тәбетті тыныштандыра алатыны дәлелденген. Кешке тісіңізді жалбыз дәмі бар тіс пастасымен шайып, түнде тамақ ішкіңіз келмейтініне сенімді болыңыз. Алайда жалбыз шайы керісінше тәбетті ашады екен.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: ejin.ru, kulinarbook.ru

С. А