- Негізгі бет
- Аспаздық
- Ғалымдар арықтауға көмектесетін...
Ғалымдар арықтауға көмектесетін дәрі ойлап тапты
Жыл сайын өтетін халықаралық эндокриндік қоғам өзінің кезекті отырысында арықтауға көмектесетін дәрілер туралы айтты. Хьюстон зерттеу институтының әдіскер мамандары көп энергия жұмсауға көмектесетін препарат ойлап тапты. Бұл дәрі қалқанша безінің гормондарының қызметін имитациялайды.
«Олар метоболизм дейгейін көтеріп, ағзадағы артық майды күйдіреді», - дейді зерттеуші ғалым Кевин Филлипс.
GC-1 химикаты энергия сақталатын ақ майды «қоңыр» түске бояйды. Ал шартты түрде осылай аталатын май семіруге қарсы әрекет етуге септігін тигізеді. Олар көбінесе балаларда кездеседі.
Ғалымдар алдымен препаратты тышқанға егіп, тексеріп көрді. Олардың дене қызуы калория күйдіру кезінде 4 градусқа көтерілген. Осылайша тышқан небәрі екі аптаның ішінде салмағының тең жартысын жоғалтқан. Адамдарға қолдануға болатын-болмайтындығы әзірге белгісіз. Дене қызуының жылдам өзгерісі аса қауіпті болуы мүмкін. Мұнымен қатар, майды күйдіруге арналған дәрі өзге мүшелерді зақымдауы ғажап емес.
Гарвард медицина мектебінің бір топ ғалымы окцитонның арықтауға тигізер әсері туралы жүргізген зерттеуін ұсынды. Бұл гормон әйелдердің ағзасында бала туылған кезде бөлінеді. Артынша ана мен баланың арасында тығыз қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді.
Гормонды таңғы астан бұрын ішетін болса, адамның тәбеті нашарлап, жейтін тағамының калориясы азаяды. Тәжірибе 25 жігітке жүргізілген. Олар окситоцин мен назальды спрейді қолданған соң түскі асқа калориясы 122 ккал-ға аз тамақ жеген.
Ғалымдар осы гормонды жылына 3 рет тұтыну арқылы 17 кг-ға дейін салмақ тастауға болатындығын айтты.
Вашингтондағы «The Institute for Health Metrics and Evaluation» мамандары ең семіз халқы бар мемлекеттердің рейтінгісін жасады. Олар 188 мемлекеттің ақпаратымен жұмыс істеді. Бірінші орында АҚШ, ары қарай Қытай, Үндістан, Ресей, Бразилия, Мексика, Мысыр, Пәкістан сынды мемлекеттер тұр. Ондықты Индонезия бекітеді. Қуанышымызға орай, біздің еліміз бұл ондыққа кірмейді. Есіңізде болсын: бастысы қандай диета ұстап, қандай жаттығулар жасайтыныңыз емес, жүрек қалауыңыз. Адам шын мәнінде қаласа, оны міндетті түрде жүзеге асырады.
Қ. Бүйенбай