Ғалымдар баяу еритін балмұздақ ойлап тапты

Ғалымдар баяу еритін балмұздақ ойлап тапты
Фото: www.wallstreetotc.com

Ғалымдар балмұздақтың еріп кетуіне жол бермейтін ферментті тапты. Ол - әртүрлі тағамда кездесетін ақуыз. Бұл туралы америкалық Washington Post басылымы хабарлады.

BslA – ақуыздың А қабатын құрайтын бактерия. Ол атбас бұршақтан алынатын ферменттелген соя құрамында кездеседі. Жапонияның дәстүрлі натто тағамын дайындауда да пайдаланылады екен.

Эдинбург университетінің (Шотландия) ғалымдары ақуызды қолданудың әртүрлі әдісін ойлап тауып, оларды балмұздақ жасауда қалай қолдануға болатынын анықтаған. Ақуыз балмұздақта мұз кристалдарының пайда болуын баяулатып, дәмнің сақталуына көмектеседі.

Шотландия ғалымдары BslA ақуызына қатысты екі ғылыми зерттеу жұмысын жариялады. Біріншісінде тәжірибе жүзінде ақуыздың биологиялық құрамы анықталса, екіншісінде оның физикалық құрамы зерттелген. Ғалымдар осы ақуызды балмұздаққа қосып, баяу еру процесін бақылаған.  

Жаңа қоспа әдісі балмұздақты тұтынушыларға ғана емес, өнімді дайындаушыларға да тиімді болмақ. Себебі, енді балмұздақтарды тоңазытқышта сақтаудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, өнім жұмсақ әрі дәмді болып, тұтынушылардың оң бағасын алары анық.

Бүгінгі таңда ғалымдар тарапынан ашылған жаңалық әлі де тексеріліп жатыр. Егер әлемнің балмұздақ өндірушілері әдістің ұтымды екеніне көз жеткізсе, баяу еритін балмұздақтар біздің елімізде де жасалады.

Ж. Өрісбай