Мәзір: Балық консервілерінен әзірленген котлет

Мәзір: Балық консервілерінен әзірленген котлет
Фото: esh-doma.ru

Балық етінен әзірленетін тағамдар теңіз бен көлдің жағасында орналасқан мемлекеттер арасында кең таралған. Ғалымдардың айтуынша, балықты жейтін халықтардың өмір сүру ұзақтығы оны жемейтін халықтардан 5-10 жылға ұзағырақ. Бұл балық ақуызының өзге еттерге қарағанда, ағзаға оңай әрі тез сіңірілетіндігімен байланысты болса керек. Балық консервілерінің бағасы арзан әрі олардан түрлі тағам дайындауға болады. Бұл мәзір өзге котлеттерден салқын күйінде де дәмді болатындығымен ерекшеленеді.  

Қажет-азық түліктер тізімі:

- 1 банка сардина;

- 2 пияз;

- жарты стақан күріш;

- 6 ас қасық кептірілген нан (ұнтақталған);

- тұз, бұрыш;

- өсімдік майы.

1. Күрішті қайнатамыз.

2. Пияздың біреуін үккіштен өткіземіз.

3. Ал екінші пиязды майдалап тураймыз. 

4. Балықты шұңғыл ыдысқа саламыз.

5. Үстіне күрішті саламыз.

6. Пияз саламыз.

7. Тұз бен бұрыш қосып, жақсылап араластырамыз. 

8. Котлет жасап, үстіне кептірілген нан себеміз. 

9. Табаға салып қуырамыз. 

10. Котлеттеріміз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

Қ. Бүйенбай