Денсаулыққа пайдалы диета - 12

Денсаулыққа пайдалы диета - 12
Фото: rudaki.ru

Арықтауға арналған диеталармен қатар ауырған кезде ұстайтын диеталар бар. Олар денсаулықтың мықты болуына септігін тигізеді. Дәрігер мамандар денсаулыққа арналған диеталардың аурудан тез айығуға әсер ететінін айтады. Оларды осы қасиетіне байланысты «денсаулыққа пайдалы диеталар» деп атайды. Денсаулыққа пайдалы диеталар белгілі бір дене мүшесінің қызметінің бұзылуына байланысты тағайындалады. Дұрыс таңдалған диета ішкен дәрілердің әсерін күшейтеді. Кезекті материалымызда олардың әрқайсысын сипаттап өтейік.

№12 диета жүйке жүйесінің қызметі бұзылған, эпилепсия, эклампсия, каталепсия сынды ауруларға шалдыққан науқастарға тағайындалады. Ол жүйке жүйесінің қызметін реттеп, жүйке тінін қажет заттармен қамтамасыз ету үшін тағайындалады.

Диетаның химиялық құрамы: күнделікті жейтін тағамның калориясы – 2300-2400 ккал. Бұл қалыпты нормадан 100 ккал-ға төмен. 80-90 г ақуыз, 70 г май, 350 г көмірсу, 6 г тұз, 2 л су. Күніне 5 рет тамақ ішеді.

Тамақтану тәртібі:

- күнбағыс дәні қосылып әзірленген нан, күнжіт, мейіз, сары өрік, қара өрік;

- 1-2-сорттағы ұннан жасалған нан, жеңіл тәтті печенье, майлылығы төмен печенье;

- алма, піскен ет, жұмыртқа, джем, қатық қосылған бәліш;

- кәдіштен, сәбіз бен асқабақтан, картоптан, жармадан әзірленген сорпа;

- көкөніс сорпасына пісірілген вермишель;

- малдың майсыз етінен, құс етінен әзірленген сорпа;

- сиыр мен бұзаудың, қойдың майсыз, жас еті;

- терісіз құс еті;

- мал мен құстың пісірілген еті;

- котлеттер;

- тіл мен бауыр;

- шортан, нәлім, алабұға, минтай, терісіз хек сынды балықтар;

- сүт пен кілегей, йогурт, ацидофилин;

- қатық, вареники, пудинг;

- ірімшік;

- күніне 2 жұмыртқа немесе омлет;

- күріш, қарақұмық, сұлы, саго;

- асқан картоп, қызылша, орамжапырақ, асқабақ, кәдіш, қызанақ, қияр;

- жеміс-жидек;

- кисель, мусс, аюбадам, желе, компот;

- меренга, сүтті кисель, крем;

- қант пен бал;

- тәтті тосап;

- зефир мен сорғыш кәмпит;

- кептірілген жемістер;

- қаймақ, сүт, ұн қосылған тұздық, жеміс пен көкөністерден, қызанақтардан жасалған тұздық;

- итмұрын қайнатпасы, лимон, сүт қосылған шай, кофе, жеміс шырыны;

Рафинадталған және сары майды ғана тұтынуға рұқсат беріледі.

Қандай тағамдардан бас тартамыз?

- кез келген жаңа піскен нан;

- қатпарлы қамырдан әзірленген нан;

- балық пен мал етінің сорпасы;

- саңырауқұлақ сорпасы;

- щи, борщ, рассольник, солянка сынды қою сорпалар;

- майлы ет; қаз бен үйрек еті, кептірілген, консервідегі ет;

- икра, тұздалған, кептірілген балық;

- тарна, шалқан, шомыр, шалғам, қымыздық, пияз, сарымсақ, тұздалған және маринадталған көкөністер;

- саңырауқұлақ;

- шоколад;

- кетчуп, қыша, тұздық;

- ақжелкен, аскөк, насыбайгүл, бұрыш, лавр жапырағы.

Шай мен кофені қызылдап ішуге тыйым салынады.

Осыған дейін арықтауға арналған күріш диетасыарықтауға арналған мұз диетасыарықтауға арналған жұмыртқа диетасыарықтауға арналған қант диетасыарықтауға арналған құлпынай диетасыарықтауға көмектесетін диета,  жігіттерге арналған диетатез арықтататын диета сынды диета түрін жазған болатынбыз. Олардың да көмегі тиер деген ойдамыз.

Қ. Бүйенбай