Жиырма беске толмаған бойжеткендер семіздіктен қатты қорқады

Жиырма беске толмаған бойжеткендер семіздіктен қатты қорқады
Фото: Сабит Ахметов

Адам баласының жан-дүниесі үнемі кемелділікке ұмтылады. Рухани байлық іздеп, уақыт өте келе өзін жетілдіріп отырады. Бұдан өзге сыртқы келбетінің де мінсіз болғанын қалайды. Шүберекпен тұла бойының кемшіліктерін жасырып, арықтау үшін немесе семіру үшін түрлі диета ұстайды. Дәрілер ішеді. Кейбіреуі тіпті ота жасатып жатады. Бірақ осылардың ішінде арықтау үшін ең тиімдісі – денсаулыққа пайдалы диеталар мен спорттық жаттығулар. Осыған орай, тілшілеріміз диетаның түр-түрін ұсынып, жаттығулар туралы материалдар жазды. Енді сол диеталар туралы қызықты фактілерді ұсынамыз.

1. Жейтін тамағымызға балдыркөкті қосатын болсақ, артық калориядан арыламыз. Балдыркөк калорияның ағзаға сіңуіне кедергі жасап, артық салмақтан арылуға көмектеседі.

2. Көршілеріміз Ресей елінде «кремль» диетасы кең таралған. Бұл диетаны ұстаған кезде бойжеткендер жеген тағамының калориясын есептеп отырады екен. Ұзын құлақтың сөзіне сенсек, Элизабет Митчелл осы диетаны ұстаған деген сыбыс бар.

3. АҚШ тұрғындары азия елдері секілді үйде тамақ әзірлеуді жөн көрмейді. Уақыттарын үнемдеу үшін дәмханалардан тамақтанады, фаст-фуд жейді. Нәтижесінде қатты семіреді. Америка бойжеткендерінің қаншалықты сұлу екенін голливудтық фильмдерден-ақ байқауға болады. Әрбір екінші бойжеткен шоу-бизнес саласында, кино әлемінде жүруді ұнататындықтан, сыртқы келбетінің барынша сұлу болғанын қалайды. Жақсы нәтижеге жету үшін аянбай еңбектенеді.

4. Психолог және дәрігер мамандардың статистикалық мәліметіне сүйенсек, 25-ке толмаған бойжеткендер артық салмақ жинаудан қатты қорқады екен. Олар семіздіктің онкологиялық аурулардан, ядролық соғыстан, ата-анасының өлмінен де қорқынышты екенін айтады.

5. Диеталардың көбісі арықтауға көмектеспейді. 90%-ының артық салмақтан арылуға қатысы жоқ десек те болады.

6. Диетаның әсері болуы үшін физикалық жаттығулармен қатар айналысу қажет. Спорттық жаттығулар диеталардың әсерін күшейтеді.

7. Әлем бойынша диета индустриясы $40 млрд табыс табады. Осыншама табыс қарапайым халықтың арқасында келеді. Оларға алданып қалмас үшін ең тиімдісін таңдауға тырысыңыз.

Осыған дейін арықтауға арналған күріш диетасыарықтауға арналған мұз диетасыарықтауға арналған жұмыртқа диетасыарықтауға арналған қант диетасыарықтауға арналған құлпынай диетасыарықтауға көмектесетін диета,  жігіттерге арналған диетатез арықтататын диета сынды диета түрін жазған болатынбыз. Олардың да көмегі тиер деген ойдамыз.

Қ. Бүйенбай