Денсаулыққа пайдалы диета - 9

Денсаулыққа пайдалы диета - 9
Фото: rudaki.ru

Арықтауға арналған диеталармен қатар ауырған кезде ұстайтын диеталар бар. Олар денсаулықтың мықты болуына септігін тигізеді. Дәрігер мамандар денсаулыққа арналған диеталардың аурудан тез айығуға әсер ететінін айтады. Оларды осы қасиетіне байланысты «денсаулыққа пайдалы диеталар» деп атайды. Денсаулыққа пайдалы диеталар белгілі бір дене мүшесінің қызметінің бұзылуына байланысты тағайындалады. Дұрыс таңдалған диета ішкен дәрілердің әсерін күшейтеді. Кезекті материалымызда олардың әрқайсысын сипаттап өтейік.

№9 диета қант диабеті кезінде тағайындалады. Ол майдың ағзаға тез сіңірілуін қамтамасыз етіп, көмірсу мөлшерін реттейді. Әдетте қант пен өзге тәтті тағамдарды жеуге қатаң түрде тыйым салынады. Күнделікті тамақтың құрамындағы ақуыздың, майдың, көмірсудың мөлшері өлшеніп отырады.

Диетаның химиялық құрамы: 80-90 г ақуыз, 70-80 г өсімдік майы, 300-350 г көмірсу, 12 г тұз, 1,5 л сұйықтық. Тамақтың калориясы – 2 200-2 400 ккал.

Қант диабетімен ауырған кезде адамның қарны қатты ашады. Сондықтан дәрігер мамандар құрамында суы көп орамжапырақ, қияр, кәдіш сынды көкөністерді жеуге кеңес береді.

Тамақтану тәртібі:

- 2-сорттағы қара бидай ұнынан жасалған нан;

- щи, борщ, окрошка, майсыз ет пен балықтан әзірленіп, саңырауқұлақ пен көкөніс қосылған сорпалар;

- майсыз сиыр, бұзау, қоян, тауық еті;

- консервідегі балық;

- сүтті тағамдар, майсыз қатық пен ірімшік;

- асқан жұмыртқа, омлет;

- арпа, сұлы, қарақұмық, бидай ботқасы;

- картоп, сәбіз, қызылша, орамжапырақ, кәдіш, асқабақ, салат, қияр, қызанақ, баялды;

- көкөністердің кез келген әдіспен (пісіру, қуыру, бұқтыру, шикідей) әзірленген түрі;

- қышқыл дәмі бар жеміс-жидектер;

- еттің, балықтың саңырауқұлақтың, қызанақтың сорпасынан жасалған тұздықтар;

- шай, кофе, көкөніс пен жеміс шырыны, итмұрын қайнатпасы.

Қандай тағамдардан бас тартамыз?

- қатпарлы қамырдан, ұннан жасалған тағамдар;

- кеспе мен күріш қосылған сорпа;

- кептірілген шұжық, консервіленген тағамдар, майлы құс еті;

- тұздалған ірімшік, қатық, кілегей;

- ет майы;

- тұздалған немесе маринадталған көкөністер;

- жүзім, мейіз, банан, інжір, құрма, қант, тосап, конфет, балмұздақ;

- бұрыш, қыша;

- майлы және ащы тұздықтар;

- тәтті жемістерден әзірленген шырын.

Осыған дейін арықтауға арналған күріш диетасыарықтауға арналған мұз диетасыарықтауға арналған жұмыртқа диетасыарықтауға арналған қант диетасыарықтауға арналған құлпынай диетасыарықтауға көмектесетін диета,  жігіттерге арналған диетатез арықтататын диета сынды диета түрін жазған болатынбыз. Олардың да көмегі тиер деген ойдамыз.

Қ. Бүйенбай