Денсаулыққа пайдалы диета - 4

Денсаулыққа пайдалы диета - 4
Фото: rudaki.ru

Арықтауға арналған диеталармен қатар ауырған кезде ұстайтын диеталар бар. Олар денсаулықтың мықты болуына септігін тигізеді. Дәрігер мамандар денсаулыққа арналған диеталардың аурудан тез айығуға әсер ететінін айтады. Оларды осы қасиетіне байланысты «денсаулыққа пайдалы диеталар» деп атайды. Денсаулыққа пайдалы диеталар белгілі бір дене мүшесінің қызметінің бұзылуына байланысты тағайындалады. Дұрыс таңдалған диета ішкен дәрілердің әсерін күшейтеді. Кезекті материалымызда олардың әрқайсысын сипаттап өтейік.

4 диета ішек жолына ота жасалған соң, ішек жолындағы асқынған аурулар кезінде, іш өткенде тағайындалады.

Тамақтану тәртібі:

- 200 г бидай ұнынан әзірленген кептірілген нан. Бұдан басқа ұнды тағамдарды жеуге тыйым салынады;

- күріш пен сұлу қосылып дайындалған сорпа. Майсыз еттер мен балықты тұтынуға болады;

- майсыз ет пен құс еті. Олардан әзірленген котлеттер;

- жаңа дайындалған ірімшік. Өзге сүтті тағамдарды тұтынуға болмайды;

- шала піскен жұмыртқа немесе омлет;

- күріштен, қара күріштен, сұлыдан пісірілген ботқа.

- буға піскен балық;

- көк шай, кофе, какао.

Осыған дейін арықтауға арналған күріш диетасыарықтауға арналған мұз диетасыарықтауға арналған жұмыртқа диетасы,  арықтауға арналған қант диетасыарықтауға арналған құлпынай диетасыарықтауға көмектесетін диета,  жігіттерге арналған диетатез арықтататын диета сынды диета түрін жазған болатынбыз. Олардың да көмегі тиер деген ойдамыз.  

Қ. Бүйенбай