- Негізгі бет
- Аспаздық
- Ас үй ханшайымдарына...
Ас үй ханшайымдарына кеңес #7
Көп адам саңырауқұлақ пен картоп сорпасын ұнатады. Олай болса бұл тағамның дайындау жолын ұсынамыз.
Сорпаны дайындау үшін бізге:
- 600 гр картоп;
- 300 гр қозықұйрық;
- 500 мл кілегей;
- 200 гр пияз;
- тұз;
- өсімдік майы;
- қара бұрыш керек болады.
Әзірлеу жолы:
1. Картопты тазалап, аса жұқа етпей кесеміз.
2. Картоп бататындай етіп су құямыз. Тұздап, піскенінше қайнатамыз.
3. Суды сүзіп алып, картопты майдалаймыз.
4. Пиязды ұнтақтап, саңырауқұлақты да кесеміз.
5. Пиязды қуырып, саңырауқұлақ қосып, тұздаймыз. Су буланып кетпейінше қуырамыз.
6. Блендердің көмегімен саңырауқұлақ пен пиязды ұнтақтаймыз.
7. Саңырауқұлақ қоспасын картопқа қосып, кілегей құйып, тұздап, бұрыштаймыз.
8. Бір тектес қоспа болғанынша барлығын блендер арқылы араластырамыз.
9. Қайнатамыз.
10. Көк пиязбен әрлеп, дастарқанға қоямыз.
Ас болсын!
Сурет: liveinternet.ru
Ұқсас жазбалар:
Классикалық асқабақ бәлішін дайындау
Ф. Абилова