Ақсерке балығын пісіру

Ақсерке балығын пісіру

Көптеген адамдар ақсерке (семга) балығын ерекше ұнатады. Ол әрі дәмді әрі өте пайдалы балықтың түрі. Ми жұмысына, денсаулыққа, ойлау және есте сақтау қабілетіне игі әсер етеді.

Ақсерке балығын духовкада пісіру жолын назарларыңызға ұсынамыз:

Ол үшін бізге:

Ақсерке (лосось,бахтах) еті
1 лимон
зәйтүн майы
гүлшетен (розмарин) керек болады.

Дайындау жолы:

1. Ақсерке балығын екі жағынан лимон шырынымен бүркеп, себеміз, тұздаймыз.

2. Фольганың үстіне лимон бөліктерін, гүлшетен бұтағын қойып, үстінен балықты қоямыз.

3. Үстінен зәйтүн майын бүркеп, себеміз.

4. Фольганы орап, духовкада 20-30 минутқа орташа отпен пісіреміз.

Ас болсын!

Сурет: fonwall.ru

Ф. Абилова