Классикалық асқабақ бәлішін дайындау

Классикалық асқабақ бәлішін дайындау

Қонақтарды қуанту үшін классикалық асқабақ бәлішін дайындауға болады. Ол әрі дәмді, әрі тойымды болып шығады.

Қамырды дайындау үшін бізге:

- 200 гр ұн;
- 100 гр салқын сары май;
- ¼ шай қасық тұз;
- 1 жұмыртқа сарысы;
- 2 ас қасық салқын су керек болады.

Салындысын дайындау үшін:

- 300-400 гр асқабақ;
- 100 мл сүт не кілегей;
- 1 жұмыртқа;
- 3 ас қасық қоңыр қант;
- ¼ шай қасық ұнтақталған даршын;
- ¼ шай қасық ұнтақталған жанжабіл;
- ¼ шай қасық жұпар жаңғақ;
- ¼ шай қасық тұз қажет.

Бәлішті дайындау жолы:

1. Асқабақ езбесі. Асқабақты суға не сүтке салып баяу отта қайнатып алу керек. Барынша қою болғаны жөн.

2. Артық суды төгіп тастап, блендерден өткізіп алыңыз. Бәлішке 1 стақан езбе жеткілікті болады. Артық қалған езбені асқабақ сорпасына пайдалануға болады.

3. Қамыр. Асқабақ қайнап жатқанша, салқын майды үккішпен үгіп, ұн мен тұз қосып, араластырыңыз.

4. 2 ас қасық салқын суға жұмыртқаның сарысын салып, араластырыңыз. Оны бірден қамырға қосу керек.

5. Қабыршаққа не пакетке орап, тоңазытқышқа 30 минутқа салып қойыңыз.

6. Пешті 20 градусқа дейін қыздырыңыз. Қамырды илеп, дөңгелек пішінді ыдысқа салыңыз. Шеттері тесіліп қалмауына назар аударыңыз, әйтпесе, салындысы төгіліп қалады.

7. Салынды. Асқабақ езбесі, сүт, жұмыртқа, қант, даршын, жанжабіл, жаңғақ пен тұзды миксердің көмегімен араластырыңыз.

8. Жанжабіл мен жұпар жаңғағын кішілеу үккіштен өткізіп алыңыз. Даршын бұтағын да үгітіп алу керек. Бәлішке арналған пішінге құйыңыз.

9. 30-40 минут пісіру керек. Дайын болу, болмауын тексеру үшін ортасына пышақ тығып көріңіз. Пышағыңыз таза болып шықса, дайын болды деген белгі.

Ас болсын!

Сурет: rudaki.ru

Ұқсас жазба:

10 минутта пицца дайындау

Ақсерке балығын пісіру

Ф. Абилова