- Негізгі бет
- Аспаздық
- Сүтті тағамдар мен...
Сүтті тағамдар мен жұмыртқаны қалай сақтаймыз?
Ауылдағы ата-әжеміз біз жесін деп бар дәмдісін сандықтың түбіне салып сақтайды. Кейде тіпті азық-түлікті ұзақ сақтайтындығына таңқалып жатамыз. Олай болса, ол кісіліредің жұмыртқа мен сүтті тағамдарды қалай сақтайтынын сіздер де біле жүріңіздер.
Сүт пен сүтті тағамдарды күн сәулесі түспейтін, ауа температурасы 6°С болатын кеңістікте сақтаған жөн. Мұнымен қатар, сүт пен майды иісі шығатын азық-түліктерден алыс қою арқылы бастапқы дәмін сақтап қаламыз. Мысалы, ірімшік пен балық сынды иісі қатты шығатын тағамдардан. Майдың іркітін алып тастау үшін әдетте сығу кезінде жақсылап жуады. Осылайша май ұзақ сақталады. Ал күнделікті тұтынатын майды пергаменмен сүртілген ыдысқа салып, бетін тұзды сумен шайылған шүберекпен жабу керек. 4°С ауа температурасында майды 15 тәулік бойы, 0°С ауа температурасында 1-2 айға дейін сақтауға болады.
Қаймақ күн сәулесі түспейтін, ауа температурасы 7°С суықтан аспайтын жерде сақталуы тиіс.
Жұмартқаны сақтау әдістері
♦ 1°С ауа температурасында, таза ыдыста сақтауға болады. Осылайша 4-6 айға дейін бұзылмайды. Алайда мұндай температураны үй жағдайында қамтамасыз ету қиынға соғады;
♦ Ағаштың күлін жәшіктің түбіне төсейміз. Ішіне жұмыртқаларды бір-біріне тимейтіндей етіп орналастырамыз. Артынша тағы да күл сеуіп, жұмыртқаны тағы бір қатар тіземіз. Үстіңгі қабатта күлдің барынша жұқа болғаны жөн. Жұмыртқа осылайша 2-3 ай бойы бұзылмай сақталады;
♦ Жұмартқаны вазелинмен майлап, қағазға орау арқылы 6 ай сақтауға болады. (Вазелинді парафинмен, бейтарап маймен алмастыруға болады);
♦ Жұмартқаны бір орыннан екінші орынға ауыстырған кезде міндетті түрде суытып, құрғатып отыру керек;
♦ Иісі шығатын азық-түліктерден алыс қойған жөн;
♦ Тамыз-қыркүйек айларының арасында сақтау өте тиімді;
♦ Жәшікке салған кезде үшкір бөлігін төмен қарату керек.
Ал Сіздің ата-әжеңіз жұмыртқаны қалай сақтайды?
Сурет: voxpopuli.kz (өңделген)
Оқи отырыңыз:
Таяқшамен тамақ ішіп үйреніңіздер
Мерекелік дастарханға қойылатын тағамдар
Аспаз бойжеткендерге арналған кеңестер
Қ. Бүйенбай