- Негізгі бет
- Аспаздық
- Таңғы ас –...
Таңғы ас – тәңірден
«Таңғы ас тәңірден» деп, ата-бабаларымыз таңғы асты үй ішімен бірге ішкен. Қазіргі кезде таңғы асты ішпей-ақ, оқуға, жұмысқа кете беретіндер көп. Алайда маман-дәрігерлердің айтуынша таңғы ас – адам бойындағы күш-қуат пен жұмыс істеу қабілетінің артып, көңіл күйдің қалыпты болатынына әсер етеді екен. Сондықтан таңғы асты ішіп жүруге әдеттену керек.
Егер отбасындағылардың бәрі бірдей ерте тұратын болса, таңғы асты бірлесіп жүріп әзірлеп, жақсы көңіл күймен тамақтанған шаңырақ ынтымақтастығын арттырары сөзсіз. Диетологтар арықтағысы келгендерге зат алмасу қалыпты жүру үшін міндетті түрде таңертең тамақтану қажет екендігін айтады.
Таңғы ас мәзірі қандай?
Көбіміз уақыт алмайтындықтан колбаса мен сырдан бутерброд жасап жегенді ұнатамыз. Колбасада ешқандай дәрумен жоқ. Торт сияқты тәттілерді, қуырылған тағамдарды жеу – асқазан ауруларына алып келуі ықтимал. Оның орнына жемістерден салат әзірлеңіз.
Ал ағзаға ең пайдалылары – сұлы, қарақұмық, күріш ботқалары, мюсли, пісірілген жұмыртқа, йогурт, майсыз қаймаққа шыланған сүзбе, ет және балық. Ет, балық және ботқа жармаларын түнде пісіріп қойған дұрыс. Үнемі асығып жүретін студенттерге мюсли мен йогурт тиімді. Жоғары сортты ұннан гөрі бидай ұнынан пісірілген немесе қара нан жеу керек екенін жақсы білетін боларсыз.
Кейбіреулер дүкендерде сатылатын дайын ботқаларды жақсы көреді. Алайда дайын ботқа туралы пікірлер түрліше, сол себепті таңдауды өзіңіз жасайсыз.
Қара шайда В, Р дәрумендері бар, какао ағзада биологиялық белсенді заттарды арттырады. Ал кофенің тез еритіні пайдасыз, оны қайнатып ішкеніңіз жөн. Табиғи шырындар мен компот та ағзаңызға өте пайдалы.
Астарыңыз дәмді болсын!
Автор: Фариза Әбілова
Сурет: huffingtonpost.com
Оқи отырыңыз:
Зат алмасуды тездететін табиғи рецепт
Таңертең ерте тұруға қиналатындар үшін 8 кеңес
Ф. Абилова