Дұрыс тамақтана білесіз бе?

Дұрыс тамақтана білесіз бе?

Біздің елімізде көптеген жеміс-жидек пен көкөністер өсіріледі, кейбір түрлері шеттен әкелінгендіктен, дүкен сөрелері мен базарларда көздің жауын алады. Сондықтан халықтың тағамның түр-түрін жеуге мүмкіндігі бар деп есептеуге болады. Осыған қарамастан бойымызда көптеген дәруменнің жетіспейтіні күнделікті дәлелденіп жатады.

Қандай тамақ сапалы? Қалай дұрыс тамақтану керек?

Тағамның сапасы қажетті ингредиенттердің: майлар, ақуыз, минералды заттар және дәрумендердің болуына, сондай-ақ энергиямен толығуына байланысты болады. БҰҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының пікіріне сүйенсек, тәуліктік тағамымызда шамамен 2500 килокалория болуға тиіс. Алайда әлем халқының 1/5-і тойып тамақ ішпейді. Кейбіреулері тағамның белгілі бір түрлерін ғана жейді. Бұл да дұрыс тамақтанбаушылыққа жатады. 

Қазіргі кездегі сәнге айналған вегетариандарда жануар текті протеиндер тапшы болады екен.

"Ет жесең, тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді" деп ет жемесе отыра алмайтын халқымыз басқа азық-түлікті де барынша алып жататын сияқты.

Дәрумендерге бай лимон, киви, алма, асқабақ, сәбіз, орамжапырақ, мандарин, ананас секілді жеміс-жидектер мен көкөністермен де күнделікті тамақтанып отыруды әдетке айналдырайық. Қажетті килокалорияны мезгілімен алған адам иммунитеті де ауру-сырқауларға төзімді келеді.

Қыс мезгілінде ерекше күтімді қажет ететін ағзамызды тек пайдалы тағаммен қуаттайық.

Автор: Фариза Әбілова

Сурет: dear-blog.com

Оқи отырыңыз:

Тұмаудан сақтанудың 10 амалы

Күш-қуатыңызды арттыратын өнімдер

Денсаулыққа пайдасы көп кеңестер

Ф. Абилова