Массагеттен мәзір: "Олимпиада" салаты

Массагеттен мәзір: "Олимпиада" салаты

Аспаздық айдарында әлем елдерінің асханасындағы танымал тағамдарды жасап үйренуді жалғастырамыз. Бүгін орыс халқының асханасында дәл қазір жиі жасалып жүрген "Олимпиада" салатының мәзірін қарастырамыз. Осы салатпен бірге Сочиде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарын тамашаласаңыз да болады. Салаттың жасалуы оңай, ал құрамындағы тағамдар өте пайдалы келеді.

 

Құрамы:

  • 1 стақан күріш
  • майонез, кетчуп
  • 1 қияр
  • 1 сәбіз
  • 3 жұмыртқа
  • аскөк, тұз
  • консервіленген балық

 

  Күрішті, жұмыртқа мен сәбізді жақсылап жуып, екі бөлек ыдысқа қайнатамыз.

 

  Осы уақытта қиярды ұсақ әрі ұзын етіп турап қойсаңыз болады.

 

  Күрішіңіз дайын болса, тәрелкеге бір қабат етіп салып, үстіне майонез жағасыз. Әрбір қабатқа бір шымшым тұз сеуіп тұруды ұмытпағайсыз.

 

  Енді консервідегі балықты орналастырыңыз да, тағы да майонез жағыңыз.

 

  Ендігі кезекте қиярды саласыз, оның да бетіне майонез жағуды ұмытпаңыз.

 

  Қиярдың үстіне сәбізді орналастырамыз да, тағы майонез жағамыз.

 

  Жұмыртқаны да дәл осы ретпен турап, сәбіздің бетіне саласыз.

 

  Жұмыртқа бетін жақсылап майонезбен жауып, безендіру үшін аскөкті ұсақтап тураймыз. Қолда бар тағамдар арқылы Олимпиада логотипін (бес дөңгелек) жасауға кірісеміз.

"Олимпиада" салаты дайын! Асыңыз дәмді болсын!

Ас үйде болған: Айгерім Сматуллаева

Оқи отырыңыз:

Испан асханасы: "Паэлья" тағамы

Француз асханасы: "Анна" тағамы

Француз асханасы: "Рататуй" тағамы

Қытай асханасы: "Фунчоза" салаты