Желтоқсан – мандарин мен құрма айы

Желтоқсан – мандарин мен құрма айы

Желтоқсан – жылдың соңғы айы, келер демалыс күндер мен мерекелерге дайындықпен өтетін кезең. Асығыста біз желтоқсанның кейбір гастрономиялық сыйларын байқамай қалуымыз мүмкін. Бүгін желтоқсанда дүкен және базарда пайда болатын пайдалы жеміс-жидек пен көкністерді қарастырайық.

Мандарин

Бала кезден қысты, Жаңа жылды тек бір осы жалғыз жеміс үшін ғана аңсап күтіп жүруші едік. Мандарин желтоқсан айының басты жемісі атағына әбден лайық. С дәруменіне бай мандарин жылдың суық кезі біз үшін ерекше пайдалы, ол иммунитетті берік қылып, тұмаудан сақтануға көмектеседі. Цитрусты жемісте С дәруменіне қоса А, В1 дәрумендері, органикалық қышқылдар, клетчатка, минералды тұздар бар. 

Жалпы мандарин жемісін базар сөрелерінен жыл бойы табуға болады. Алайда дәл осы желтоқсанда Марокко сынды шығыс елдерінен енді піскен мандариндардың жаңа партиясы келеді. Бағасы да арзан, калориялығы да кез келген диета үшін кедергі бола алмайды (100 грамда 33 ккал). Мандарин десерт ретінде де, түрлі тағамдарға, салаттарға қосымша дәм беретін жеміс ретінде де қолданылады. Бастысы мандарин жемісін тым көп жеп қоймаңыз, қышқылдығы жоғары болғандықтан, бұл асқазанға әсер ете алады. Сонымен қатар цитрусты жемістерге аллергиясы барлар мандаринмен абай болуы керек.

Құрма

Құрма елімізде тек қыс айларында сатылымға түсетін, қыстың белгілерінің бірі. Құрма А, С, Р дәрумендеріне, темір, калий, кальций, магний, йод, мыс пен глюкозаға бай. 100 грамында 53 ккал болады. Антиоксидант болып табылатын құрма ағзадағы улы заттарды, бос радикалдарды сыртқа шығарады. Құрманың ерекше уылдыратын дәмі ондағы асқорыту жүйесін реттейтін пектин затының көп мөлшерін көрсетеді.

Лимон

Лимон бір қарағанда мандарин мен құрма сияқты "қысқы" жеміс деп атауға келмейді, ол жыл бойы сатылымда болады. Бірақ дәл осы желтоқсанда базар мен дүкен сөрелеріне абхаз лимондары келетінін байқап па едіңіз? Бұл лимондар басқалардың арасынан ерекше аталуға лайық: хош иісті, тәтті, ащы не аса қышқыл емес, оларды қабығынан ашып, мандарин сынды жей беруге болады. 

Бір лимон шырынында С дәруменінің бір күндік шамасының 33%-ы бар. Оған қоса құрамындағы пектин, эфир майлары лимонды қыста адам ағзасына өте қажет, пайдалы жеміске айналдырады. 

Асқабақ

Дәрумендер мен микроэлементтердің қайнар көзі болып табылатын асқабақ қыста сіздің дастарханыңызда жиі көрінгені дұрыс. Ондағы фосфор, темір, В, С және Т дәрумендері оны ерекше пайдалы көкөніс қатарларына қосады. Т дәрумені ағзадағы зат алмасу процесін тездетеді, ал 100 грамындағы 28 ккалды ағза еш қиындықсыз қабылдайды.

Асқабақтың қуантарлық қаиеттерінің бірі - ол қыс бойы еш бұзылмастан, пайдалы қасиеттерін жоғалтпай сақталады. Сондықтан қыста асқабақ қосылған күріш ботқасын, асқабақ сорпасын және әрине асқабақ қосылған манты кезеңі басталады.

Желтоқсанда осы пайдалы, дәмді, тәтті жеміс-жидек пен көкөністерді барынша қолданып, рационымызға қосуға тырысайық.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: assorti-recepti.ru

С. А