Мандарин жеп, мәз болыңыз!

Мандарин жеп, мәз болыңыз!

Мандариннің отаны – Оңтүстік-Шығыс Азия елдері: Үндіқытай, Қытай, Жапония болып саналады. «Мандарин» сөзінің шығу тарихының өзі өте қызық. Ерте замандарда Қытайдағы бай, ауқатты адамдарға «мандарин» деген лауазым берілген

Сондай-ақ, географияны жақсы меңгерген болсаңыз, Үнді мұхитындағы Маврикия аралының бұрынғы атауы Мандарин екенін білетін боларсыз. Жеміс атауы да осы аралға байланысты шыққан деген тұжырымдар бар.

Мандариннің көптеген түрі Еуропаға XVI-XVIII ғасырларда жеткізілді. Ел аузында 1840 жылы Италияға мандаринді жеткізген - Мишель Тенор есімді жатпланеталық деген аңыздар да жоқ емес. Қалай болғанда да, мандарин - аз уақыт өтпей жұртшылықтың ең сүйікті жемістерінің біріне айнала шықты. Бүгінде ол апельсиннен кейінгі екінші орында тұр.

Бұл екі жеміс алғашында тек қана жылыжайларда өсірілсе, кейіннен Францияның оңтүстігінде, Италияда ашық қабаттарда пайда бола бастады.

Мандариннің: танжело (апельсин дәмін еске салады), тангор, натсумикан, сатсума (сүйексіз) деген түрлері бар.

Жемісінің шырынында 7,4% қант, 0,8 — 0,9% қышқыл, С және Р витаминдері, ал қабығының құрамында біріктіргіш заттар, көп мөлшерде эфир майы бар.

Мандариннің емдік қасиеттері жоқ емес. Біріншіден, ол шөлді жақсы қандырады. Жөтелге де қарсы пайдалануға болады. Астма мен бронхиттің бірден-бір емі, таңертең 1 стақан мандарин шырынын ішіп тұрсаңыз, өкпеңізді тазартады. Мандарин қабығынан тәбет ашу және ас қорыту үшін дәрілер жасалынады. Қысқы уақытта адам ағзасына өте пайдалы витаминдерге ие. Мандарин шырыны тері және тырнақтағы жараларды жақсы емдейді.

Суреттер:floralife.com.ua,sterlegrad.ru,portal-health.ru

Дайындаған Айгерім Сматуллаева