- Негізгі бет
- Аспаздық
- Масагеттен мәзір: Асқабақ...
Масагеттен мәзір: Асқабақ сорпасы
Күздің соңғы демалыс күндері қарсаңында сіздермен соңғы нағыз күздік тағам мәзірімен бөліскіміз келіп тұр. Дала суып үлгерсе де, базар мен дүкендер сөрелерінде күздің ең пайдалы да дәмді көкөнісі – асқабақ әлі бар.
Асқабақ мантыға ғана қажет көкөніс деген пікір қалыптасып кетті. Алайда одан тәтті десерт, керемет самса, нәзік күріш ботқасын жасауға болады екен. Асқабақпен жасалынатын ең оңай да дәмді мәзірлердің бірі – асқабақ сорпасы. Бұл сорпа жасымық сорпасы сынды езбе ретінде болады. Хош иісті, дәмді және өте жеңіл, тіпті диетикалық тағамды сіз де жасап көріңіз.
Құрамы:
| |
Пияз, сарымсақ пен сәбізді майдалап тураңыз. | |
Асқабақты қабығынан ашып, дәндерінен тазалап, майдалаңыз. | |
Қызып тұрған қазанға зәйтүн майын құйып, пияз бен сарымсақты қуырамыз. | |
Қазанға сәбіз бен асқабақ салып, тұздап, бұрыш қосыңыз. Көкөністерді бірнеше минут баяу отта қуырамыз. | |
Қазанға 1 л шамасында су немесе дайын сорпа құйып, піскенін күтеміз. | |
Дайын сорпаны блендер көмегімен араластырып, езбе қалыпына дейін жеткізіңіз. | |
Қалауыңызша асқабақ сорпасын қаймақпен және сарымсақты нан кесектерімен ұсынуға болады. Нанды турап, үстіне майдаланған сарымсақ қосылған май жағып, пісіру пешіне 15 минутқа салыңыз. |
Астарыңыз дәмді болсын!
Ас үйде болған: Сания Аринова
С. А