Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Хайлайтерді қалай жағу керек?

Хайлайтерді қалай жағу керек?

Хайлайтерді қалай жағу керек?

Хайлайтер – макияжды жылдам жөндеуге немесе теріні жарқыратуға көмектесетін құрал. Алайда өзіңіз қалаған әсерді алу үшін бірнеше базалық ережені білу керек. Ендеше, хайлайтерді қолдану нұсқаулығын ұсынамыз.

Хайлайтер – беттің шығыңқы жерлерін айқындауға және жарқыратуға арналған ұсақ жарық шағылыстыратын бөліктерден тұратын құрал. Ол крем, опа және флюид түрінде шығарылады. Оның кремді және сұйық түрлерін саусақтарыңызбен жаға аласыз, ал опа түрін жағуға қылқалам керек.

Хайлайтер теріге таза өң беру үшін оны  кемшіліктері жоқ теріге жағу керек. Әйтпесе, әр безеу немесе дақ одан әрі көрініп тұрады.

Хайлайтерді өте жұқа етіп жағу керек. Бұл жерде "қаншалықты аз болса, соншалықты жақсы" деген ереже жүреді. Егер хайлайтерді көп жағып қойсаңыз, шырша ойыншығына ұқсап қалуыңыз мүмкін.

Хайлайтерді маңдайдан бастап жағыңыз. Маңдайдың ортасына көлденеңінен бірнеше нүкте етіп хайлайтер тамызып, оны жақсылап уқалай жағасыз. Содан соң оны шығыңқы бет сүйегіне жағыңыз. Хайлайтерді кейде мұрын үстіне де жағады, бірақ ол мұрын пішініне қарай және терінің майлы немесе майлы еместігіне қарай оны үлкейтіп немесе кішірейтіп көрсетеді. Сондықтан үйден өзіңіз тәжірибе жасап, жаққанда немесе жақпағанда қалай тұратынын зерттеңіз. Хайлайтерді қастың үстіне аздап жағу арқылы көзді айқындауға болады. Көзді визуалды түрде үлкейту үшін хайлайтерді көздің ішкі бұрышына жағыңыз. Ең соңынан хайлайтердің аз мөлшерін ерін үстіндегі ойыңқы жерге жағыңыз. Ол ерінге аздап көлем береді.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: wyjatkowyprezent.pl
Қосылған күні: 25 желтоқсан 2019, 13:02

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.