Үйден шаш бояу кезінде жіберілуі мүмкін қателіктер

Үйден шаш бояу кезінде жіберілуі мүмкін қателіктер
Фото: pixabay.com

Бояуды дүкеннен сатып алып, шашыңызды үйден бояу оңай көрінеді. Алайда өмірде пайда болған түс күткендей болмай шығатын жағдайлар көптеп кездеседі. Үйден шаш бояу кезінде жіберілуі мүмкін қателіктер қатарын ұсынамыз.

Шаш түсіңіздің қорап сыртындағы суреттегідей болуын күтесіз.

Шаш түсіңіз қорап сыртындағы бикештің шашындай болады деп ойлайсыз ба? Кешіріңіз, бірақ ол мүмкін емес десе де болады. Бояу нәтижесі көптеген факторларға байланысты: табиғи шаш түсіне, шаш жағдайына, оған дейінгі бояуларға және т.б. Бояудан соң шаш түсі шамамен қандай болатындығын түсіну үшін қораптың артқы жағында көрсетілген кестеге қараңыз. Алайда әркімнің шашының жеке өз ерекшелігі болғандықтан, ол да дәл кестеде көрсетілгендей болмауы мүмкін. Дұрыс диагноз қойып, кеңесті маман ғана бере алады. Нәтижесінде бояудан соң шаш түсі табиғи көрінетін болады.

Аллергияға тест жасамадыңыз

Ешнәрсеге аллергияңыз жоқ па? Әрине, бұл керемет! Алайда сонда да шашқа арналған бояу құрамында тітіркендіру, қышу және тіптен, шаш түсіруді шақыртатын ингредиенттер көп. Сондықтан өндірушілердің кеңесіне құлақ салып, бояу алдында кішкентай тері бөлігіне аллергияға тест жасаңыз.

Сынама бояу жасамайсыз

Шаш түсіңізді бүлдіріп алудан қорықсаңыз, кішкене шаш бөлігін алып, соған бояуды жағып, сынаңыз. Оны қажетті уақыт ұстап, жуып, кептірген соң, түсі қандай болатынын көре аласыз.

Бояу алдында шашқа кондиционер немесе маска қолданасыз

Басыңызды күнде жууға үйреніп қалдыңыз ба? Бояйтын күні шаш жумаған жөн. Егер міндетті түрде жуу керек болсаңыз, кондиционер немесе маска қолданбауға тырысыңыз. Себебі бояу қажетті уақытта шашты толықтай бояп үлгермейді.

Бояуды ластанған және ұйысқан шашқа жағасыз

Бір күн шашты жумауға болады, бірақ өте қатты ластанған шаш та болмауы керек. Егер шаш қатты ластанған және ұйысқан болса, бояу шашқа тегіс жағылмайды. Сондықтан нәтижесінде, бояу тегіс жуылмайды.

Шашқа арналған бояуды қасқа және кірпікке жағасыз

Бас пен бет терісі ондағы шаштар сияқты құрылымы мен сезімталдығы бойынша екі түрлі болып келеді. Зақым келітіріп алмас үшін қас пен кірпікке арналған арнайы "жұмсағырақ" бояулар қолданыңыз.

Түс қанығырақ болуы үшін көрсетілген уақытты ұзағырақ ұстайсыз

Бояуды нұсқамада көрсетілген уақыттан ұзағырақ ұстасаңыз, шаш түсі қанық болып шығады деп ойласаңыз қателесесіз. Бояудың әсер ету уақыты шетелген: 30-40 минут өткен соң, оның әсері болмайды. Артық ұстаудың қажеті жоқ. Себебі шашты және бас терісін құрғатып алу қаупі бар. Нәтижесінде теріде қызару, қышу және күйдіру байқалып, шаштарыңыз сынғыш болуы мүмкін.

А. Жапатова