Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Аллергияның пайда болу себептері

Аллергияның пайда болу себептері

Аллергияның пайда болу себептері

Аллергия – ағзаның, иммундық жүйесі белгілі бір заттарға кері әсер беруі. Бұл термин мен анықтама аллергияны сипаттауға аздық етеді. Басынан өткергендер бұл жағдайды ауызекі тілде «көзім жасаурайды», «тері қышиды», «ұсақ жаралар шығып кетеді», «мұрнымнан су тоқтамайды», «бет-аузым қышиды» деп сипаттайды. Қысқасын айтқанда,  аллергияның ешкімге ұнамасы анық.

Міне, далада көк шығып, көше бойларының тазаланатын уақыты жетті. Шаң көтерілген жерді айналып өтетін жандар түшкіруден қашады. Мұндай уақытта аллергияның алдын алу қажет.  Ол үшін нені білу керек?

Аллергияның себебі

Егер сіздің аллергияңыз көктемнің ортасынан күз ортасына дейін жалғасса, онда сіз поллигоз аллергиясына шалдыққансыз. Поллигоз аллергиясы – өсімдіктің тозаңынан пайда болатын аллергияның бір түрі.

Ағаштың, талдың, шөптің тозаңы мұрынға «қонады», иммундық жүйе оны бөгде зат ретінде қабылдайды. Соның әсерінен вирусқа не бактерияға тән, ал ағза бөтен затты шығарудың жолын іздейді. Қанда гистамин атты биологиялық белсенді зат пайда болады, одан жөтел, түшкіру, тұмау пайда болады, көзден жас та ағады.

Негізі аллергия ауру деп есептелмейді, бұл – бөгде затқа жауап беретін ағзаның ерекше күйі.

Ағзаның мұндай жеке реакциясын адам бойынан алып тастау мүмкін бе? Жоқ, осыған келгенде медицина қауқарсыз. Бірақ, белгілі бір уақытқа дейін емдеуге және оның алдын алуға болады.

Аллергиясы бар адамның жанында жүріп, «аллергия жұқтырып алам» деп ойламасаңыз да болады. Ал аллергиясы бар адам өзге аллергендерге бейім  болады.

Аллергияны қоздыратын заттар:

- қоршаған орта ластығы; 
- күйзеліс; 
- әлсіз иммунитет; 
- темекі; 
- антибиотик; 
- дұрыс тамақтанбау;

Жыл мезгілдерінде өзіңізді бақылап, ағзаңызға не жағып, не жақпайтынын білуіңізге болады. Негізінен аллергия көктем мезгілінде ағаш тозаңдарынан, жазда шөптерден, күзде арамшөптерден «дами түседі».

Әлемде жүзден астам аллергия тозаңдары кездеседі, сол үшін дәрігерге көрініп, сол жүздің ішінде қайсысы сіздің мазаңызды алып жүргенін білуіңіз керек. Оның алдын алып, емдік шараларын жасаған абзал. Емдік шарасын ендігі жазбамыздан оқи аласыздар.

Фото: mykarada.com
Қосылған күні: 19 сәуір 2016, 17:09

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.