Сұлулық серігіңіз болсын

Сұлулық серігіңіз болсын
Фото: Wallpaper Clicker

Әйелдер қауымы үшін сұлулық басты орында тұрады. Жылдың қай мезгілі мезгілі болмасын әдемі болып жүргенді, өзімізге күтім жасағанды ұнатамыз. Алайда көбінде өз күтіміміз көңілімізден шыға бермейді. Бұл тұста әрбір әйелдің өзінше бір құпиясы, сұлулық сыры, өзіндік күтімі болады. Кейбір нәзік жандылар үшін күтіну – өз-өзін жақсы көру болса, кейбіреулер үшін салауатты өмір салты. Сізге қатты салмақ түсіретін күтімнің қажеті жоқ, тек кейбір жайттарды есте ұстасаңыз болғаны.

Бет терісіне мән беріңіз

Егер сіздің бетіңізге қандай да бір крем жаққанда, ол тез сіңіп кететін болса, онда сіз босқа шығындалып жүрсіз. Косметика алатын дүкеніңізден лосьон немесе құрамында глицерин бар крем сатып алғаныңыз жөн. Себебі ол теріңіздің ылғалдылығын сақтайды.

Сабырлы болыңыз

Күйзеліс пен уайым ең алдымен терінің түсін өзгертіп, 5 жылға қартайтатынын білетін боларсыз. Үнемі қарбаласта жүретіндердің терісінде иммундық жүйе дұрыс жұмыс істемейді. Сол себепті барлық ауыртпалық бірінші теріге шығады.

Душ қабылдаңыз

Мүмкіндігінше күніне 1 рет ваннаға түсіңіз немесе душ қабылдаңыз. Ваннаға теңіз тұзын немесе бал қосыңыз. Сонымен қатар, раушан гүлі де теріні жасартуға көмегін тигізеді. Алайда қай мезгіл болмасын, салқын суға түсуге әрекеттенбеңіз.

Майлы тамақты шектеңіз

Құрамында майы мен көмірсуы көп тағамдарды тыйыңыз. Диеталық тағамдар, ең алдымен, бет терісін жасартып, тегістейді.

Қымбатына жүгірмеңіз

Бет тазалайтын құралдардың тым қымбатына жүгірмеңіз. Олар сол әтте ғана көмектесіп, сыртқы бетін тазалағанымен, ішкі қабаттағы кірлер сол қалпы қалып қояды. Бұл жерде сізге көмектесетіні глицеринді сабын. Ол кірді де, өлі теріні де жақсы тазалайды.

Ерніңізді бояңыз

Сізге қызыл түсті далапты  сөз еткелі тұрған жоқпыз. Ультра күлгіннен, суықтан қорғайтын бальзамды далап ретінде ерінге жағып жүріңіз. Мұны жұқа етіп көздің айналасына да жағуға болады.

Жеміс жеңіз

Құрамында А және С дәрумені бар жемістер теріні тегістеп, жасартады. Сонымен қатар апельсин, қарақат, қауын, болгар бұрышын күнде тұтынсаңыз, жақсы нәтижеге тез қол жеткізесіз. Ал теріңізге безеу шықса, онда сүт ішпеңіз. Себебі сүт безеуді одан сайын құтыртады.

Аяғыңызға күтім жасаңыз

Тегіс аяқ әдемілік пен мықты денсаулықтан хабар береді. Күнде жатар алдында аяққа арналған крем жағыңыз. Оны массаж жасай отырып теріңізге сіндіріңіз. Аяқ терісін ешқашан алмаспен қырушы болмаңыз.

Темекі шекпеңіз

Темекі бет терісін де денеңізді де, тіпті ағзаңыз бен мүшелеріңізді де қартайтады. Олбетіңізге әжім түсіріп, жүйке жүйесінің қызметін бұзады.

Тәттіге қатты құмартпаңыз

Қара шоколад теріңізді 2-3 жылға қартайтады. Егер тәбетіңіз тәттіге тартып тұрса, онда ақ түсті шоколад немесе соратын кәмпитпен алдандыра тұрыңыз.

Н. Үсенова