Тез әрі таза етіп үй жинау әдісі

Тез әрі таза етіп үй жинау әдісі

Үйдің таза болғанын  қай-қайсымыз да  жақсы көретініміз рас, дегенмен, үй жинауға деген құштарлықтың ылғи артып тұрмайтыны рас. Сондықтан да әркезде  үй жинар алдында «қалай барлығын таза әрі тез жинауға болады?» деген ой мазалайды. 

1. Ең бастысы, процессті бастаңыз. Қай істің болмасын бастауы қиындық тудырады. Үйдің айнадай жарқырап тұрғанын елестетіңіз де орныңыздан тұрып, үй жинауға кірісіңіз!

2. Өзің жалғыз жинағаннан гөрі, барлықтарыңыз бірігіп жасаған қызықтырақ. Әрбіреуіңіз  тапсырма бөліп алсаңыз, тез үй жинап шығуға болады. Осылайша үй жинауды апта сайынғы жақсы бір дәстүрге айналдыруға болады.

3. Ұсақ-түйекпен айналыспай тұрып, алдымен, үйдегі көзге көрініп, шашылып тұрған орындарды жинастырып алыңыз.

4. Міндетті түрде есік-терезе, айналарды тазалап алыңыз, ал үйіңіз әп-сәтте жарқырап шыға келеді.

5. Көңілді әуен қойып қойыңыз, қалай жылдам жинап тастағаныңызды өзіңізде байқамай қаласыз. 

6. Тез жұмысты аяқтау үшін алдыңызға мақсат қойыңыз. Мәселен, бір сағатқа таймер жүргіңіз. Уақытпен жұмыс істеп үйренсеңіз, келесі де оданда жылдам жасауға дағдыланасыз. 

7. Үйдегі зат аз болған сайын жинау да тез болады. Сондықтан, үйдегі артық қоқыстан арылыңыз да керек емес заттарды жинай бермеуге тырысыңыз. 

8. Тазалық үшін қажетті құралдарыңыз қасыңызда болсын. Олардың көмегімен уақыт кетірмей мұнтаздай етуге болады.

9. Бірнеше жұмысты қатар алып үйреніңіз. Кірлерді машинаға салып, қосып қойып, оған шейін ыдыстарды жуа беріңіз. 

10. Күнделікті жинап отырыңыз. Егер үстел үсті, теледидар, компьютер шаң болып кетсе сол сәтте сүртіп алыңыз, бастысы, нені болмасын кейінге қалдырмай, бірден артыңыздан жинап жүргеніңіз жөн. 

Дереккөз: anabol.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең қауіпті елдер
Әлемдегі ең қауіпті елдер
2020 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
2020 жылғы "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
НАСА тіршілік іздерін іздеу мақсатында Шолпан планетасына зонд жібермек
НАСА тіршілік іздерін іздеу мақсатында Шолпан планетасына зонд жібермек
Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін
Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін
Қазақстандық оқушылар үшін тегін онлайн шахмат мектебі ашылды
Қазақстандық оқушылар үшін тегін онлайн шахмат мектебі ашылды
ФИФА ұлттық құрамада ойын өткізген футболшыға өзге құрамаға ауысуға рұқсат етті
ФИФА ұлттық құрамада ойын өткізген футболшыға өзге құрамаға ауысуға рұқсат етті