Демалыс. Жағажайға алып баратын заттар тізімі

Демалыс. Жағажайға алып баратын заттар тізімі
Фото: colta.ru

Жаз мезгілінің кем дегенде 4-5 күнін суға түсіп, күнге қыздырынуға арнаған жөн. Сіз де теңіз не көл жағажайына жиналсаңыз, міндетті түрде қажет болатын нәрселер тізімі бар. Барғаннан кейін ескермеппін деп бармақ тістеп отырмас үшін қажетті заттарыңызды тізім бойынша жинапқтап алып шығыңыз. Жігіттер қандай жағдай болса да шығар жолын табады. Ал мұндайда қыздар «қыздың жиған жүгіндей» бар затын түгелдеп шығуы тиіс.

Ең алдымен 2-3 шомылу киімі (купальник) қажет. Біреуі аздық етеді, ол кеппей қалуы не басқа да жағдай болуы мүмкін.

2-3 парео. Бұл денеңізді жауып тұрады әрі сәнді көрінеді. Желілерге жарияламай, естелік үшін суретке түсемін десеңіз де, түрліше болып жүресіз.

Шәркей (шлепанцы). Судың іші аяққа бататын тас болуы мүмкін, сондықтан аяқтан сырғымайтын, алды-арты жабық арнайы суға киетін аяқ киім алсаңыз артық болмайды.

Қалпақ (шляпа). Өзіңіз-ақ жағажайды қалпақсыз елестете алмайтын боларсыз. Ол күннен қорғап қана қоймай, көркіңізге көрік қосады.

Көзілдірік. Ол да судың ажырамас бөлігі деуге болады.

2 көйлек. Біреуі жағажайға, біреуі кешке арналған көйлек нәзіктігіңізді айқындай түседі, ол міндетті түрде жаныңыздан табылсын.

Ауа райының кез келген мінезіне дайын болып, бірер күртеңізді, шалбарыңызды да салып алыңыз.

Жүріп-тұрғанда, серуендегенде киюге арналған жейде, белдемше, шорты қажет болады.

Сәндік бұйымдар алғыңыз келсе, алтын-күміске қарағанда табиғи тастар ажарыңызды ашады.

Төсеніштер. Орамал. Ыдыс-аяқ.

Үрленетін желетке не басқа да суға батырмайтын нәрселер енді жүзіп үйреніп жүргендерге ауадай қажет.

Теріге арналған құралдар. Теріңізді қараюдан сақтамаса да, күйіп, түлеп, ашудан қорғайды.

Жеке бас тазалығына арналған шампунь, бальзам, сабын, тіс пастасы, щеткасы, басқа да құралдар назардан тыс қалмасын.

Фотоаппарат, телефон, қуаттау құралдары.

Ең бастысы құжаттар, жол жүру билеті, ақша, кілт, карточкалар сөмкеңізде екеніне көз жеткізіңіз.

Бұл тізімге қосарыңыз бар ма?

@. @assel_assanova