Жағажайда кәдеге жарайтын әрекеттер

Жағажайда кәдеге жарайтын әрекеттер
Фото: massaget.kz

Жаз мезгілінде адамдардың барлығы дерлік ыстықпен күресудің бәр тәсілі әрі демалыс ретінде жағажайға ағылады. Көпшілікпен барған кезде өзімізді, бүкіл әлемді ұмытып, есіміз шығып демалатын жағдайлар кездеседі. Сондайда мына жайттарды есте сақтаңыз.

Ең алдымен заттарыңыз қараусыз қалмасын. Бірге барған адамның барлығы бірдей суға түскісі келіп, құрал-жабдықтарыңыз қараусыз қалатын болса, бағалы заттарыңызды сенімді жерге жасырыңыз. Мысалы кілт, телефон, ақша секілді дүниелерді баланың жөргегіне (памперс) салып, орап қоюға болады.

Телефоныңызға су тимесін десеңіз, мөрленген қалташаға (запечатываемый пакет) салыңыз. Құм мен ылғалдылықтан қорғайтын тағы бір құрал – тағам орауға арналған пакет.

Судан шықаннан кейінгі жағдайды да ойлаңыз. Аяқ киімді қалай болса, солай шешіп кетпеңіз. Оң жағын құмға қаратып, табанын көкке қаратып, яғни аяқ киімді шешкеннен кейін теріс айналдырып қойсаңыз, күнге күймей, судан шыққанда бірден киюге ыңғайлы болып тұрады.

Күннің ыстығында барлық су жылып кетеді. Ал сіз суға шомылып шыққаннан кейін салқын суды қажет етесіз. Сондықтан үйден баклашканың үштен бір бөлігіне су құйып, алдын ала мұздатқышқа салып, қатырып шығыңыз. Осы мұз боп қатқан баклашкаға жағажайда кез келген шырынды құйып, шайқап, салқындатып аласыз.

Суда жүргенде құлағыңызға су кіріп кетсе, оны сол бойда шығардым деп ойлайсыз. Алайда әлі де бірдеңе тұрғандай болып, мазаңызды алса, бұл қоллайсыздықтан құтылудың да қарапайым жолы бар. Резеңке шарды қолыңызға алып, үрлей бастаңыз, қысым әсерінен құлағыңыз бірден ашылады.

@. @assel_assanova