Cүт – косметологияда

Cүт – косметологияда
Фото: wallpapercave.com

Сүт және сүт өнімдерін ішкіңіз келмесе, одан жасалған заттарды пайдаланыңыз. Май, мусс, маска, бальзам секілді заттарды дайындап алып, бетіңізге немесе шашыңызға жағып, табиғи өнімдерді пайдаға асыра біліңіз. Қымбат косметика сатып алғаннан, қол жетімді заттарды иігіліңізге жарата білігіңіз.

Теңдессіз құрам

Терінің жағдайын ретке келтіретін қышқылдар сүттің құрамында көптеп кездеседі. Әсіресе, гликоль қышқылы табиғи сүттің және йогурттың құрамында көп. Осы қышқыл терідегі безеу, қара нүктелер шығуының алдын алады. Өлі жасушаларды кетіріп, құрғақ теріні ылғалдандырады, ұсақ әжімдерден қорғайды.

Сүт құрамындағы қышқыл – биохимиялық реакцияларға қатысатын ең маңызды компонент. Сол себепті, сезімтал терінің зақымдануынан қорғау үшін косметикаларға қосады.

Протеиндер – сүт құрамындағы ең басты зат. Ақуыз кешенінің теріде белсенді жұмыс жасауына негіз болатын протеин теріні дымқылдандырып, белсенді етіп және қалпына келтіреді. Протеиндер құрамындағы аминқышқылдарымен қышқылдан ерекшелене алады. Өлі терінің түсіп, жаңа жасушаның пайда болуына себепкер болады.

Сарысу

Сүтті сарысудың 93,7% судан құралады. Ал қалған 6,3% пайдалы  заттардан тұрады.

Сарысудың құрамына енетін ақуыз аминқышқылдарының орнын басады. Сүт сарысуының құрамына В, С, А, Е тобының дәрумендері және биотин, магний, кальций, пробиотикалық бактериялар бар. Сүт сарысуы вирусқа және бактерияға қарсы құрамға негізделген. Оның құрамына лактоферрин, лактопероксидаза және лизоцим енеді. Лактоферин темірден құралған ақуыздан тұрады. Лактопероксидаза – микробқа қарсы қызмет атқарады. Лизоцим – түрлі бактерияның түзілуін қамтамасыз етеді. Сүт сарысуының құрамында «өсім факторы» бар. Бұл дегеніміз – төмен молекулярлы ақуыздар. Ол жаңа терінің қалыптасуына әсер етеді.

Бетті сарысу сүртсе, бетті тез тазалайды. Қайнаған сүтке лимон шырынын тамызып, отта біраз ұстап, түсіреді. Араластырып, бетті қайнатылған қоспамен жуады немесе сүртеді. 1 литр суға – 1 лимон.

Шашқа қолдану кезінде табиғи сарысумен жуады. Шашқа ешқандай зияны жоқ, керісінше бас терісін ылғалдандырып, қайызғақтың алдын алады.

Йогурт

Йогурттың құрамындағы аминқышқылы теріні ылғалдандырады. Сүт қышқылы жасушаның жаңаруын қамтамасыз етеді. Табиғи йогуртта С және В дәрумені бар. Табиғи йогуртты теріге жағу кезіндегі басты қағида – құрғақ теріге майлы йогурт, ал майлы теріге майсыз йогурт жағу.

Ешкі сүті

Ешкі сүтінің өзге сүт өнімдерінен айырмашылығы – оның құрамында жез, селена, фосфор, антиоксидант және В, В2, А және С дәрумендері бар. Ешкі сүті теріні жасартады және өң береді. Тері ауруларынан сақтайды.

Сонымен қатар, соңғы онжылдықта косметологияда сүтті өсімдіктерден де алуға мүмкіндік туды. Соя, бадам, кокос, тағы басқа өсімдіктерден алу кеңінен тарады.

Соя сүті – темір, Е дәруменіне бай, холестерин жоқ. Оған қоса, изофлавон атты теріні құрғап кетуінен сақтайтын зат бар. Тері мен шашты сергітіп, андрогендердің әсер етуін тоқтатады.

Кокос сүті – А, С, В дәрумені, кальий, натрий, калий, фосфор, темір, ақуыз, көмірсу, май, органикалық қышқыл бар. Бактерия мен вирустан сақтандыратын, теріні құрғатып, тынышталдыратын қасиеті бар. Майлы, безеу не қара нүктелер жиі пайда болатын терілер үшін пайдалы.

Бадам сүті – ақуыз, май, минералды тұз, эфир майы және түрлі дәрумендерге толы. Теріні тазалап, тітіркену сақтайды.

Г. Берік