Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Бір шыны сүт

Бір шыны сүт

Ол бір жетім бала еді. Үнемі қаланы айналып, ұсақ-түйек бұйымдар сатып, ішер асын тауып жүретін. Бүгіндікке ол ештеңе сата алған жоқ. Аштықтан бұралып бара жатып, өз-өзіне: «Келесі есігін қағар үйден аздап жейтін нәрсе сұрайын» деп ойлады. Есікті бір жас әйел ашты. Ұяттан қызарып кеткен ол бір шыны су сұрауға зорға дәрмені жетті. Келіншек балаға қарап, оның қарнының аш екенін сезе қойды да, бір шыны сүт әкеліп берді. Рақмет айтып, сүтті сарқа ішкен бала «Қанша төлейін?» деді қызарақтап. Еріксіз күліп жіберген келіншек, «Тегін! Шешем бізге жасаған жақсылығың үшін ақы алмауды үйреткен».

Арада ұзақ жылдар өткен соң егде тартқан сол мейірімді келіншек ауыр дертке шалдығады. Дәрігерлер емдей алмағандықтан, оны үлкен қаладағы аты әйгілі емханаға ауыстырады. Бұл емханада оған мейірімді жас маман қарайласады. Және емдеу тек сол маманның ғана қолынан келетін болып шығады. Ол бұл әйелдің дертін бар күшімен зерттеуге кіріседі. Және өте жақсы өнімге ие болып, ақыры емдеп жазады. Дегенмен, бұл әйелдің емханаға төлейтін ақшасы да жоқ еді. Емханадан шығарда дәрігер әдеттегідей оған емханада жату ақысының есеп талонын жіберіп береді.

Емхана күтушісі есеп талонын әкеліп бергенде, бар уайымы емделу ақысын қалай төлеуде қалған байғұс әйел, қолы дірілдеп зорға алды. Есеп дәптерінің үстіндегі бір сөйлем хатты көрген әйелдің көзіне еріксіз жас үйіріледі, дәптерде:

«Емделу ақысы – бір шыны сүт!» деп жазылған еді.

Емханадағы жас маман – өткен жылдардағы бір шыны сүтке зар болған кедей бала, кейінгі жылдары аты әлемге танымал, әйгілі америкалық дәрігер Ховард Келли болатын. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: liveinternet.ru

6874 4
Рейтинг: +6

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 01 қараша 2012, 10:26
Пікірлер
+0
01 қараша 2012, 10:32

Емделу ақысы – бір стакан сүт!

+0
01 қараша 2012, 11:08

Қысылтаяңда қасыңнан табыла білген жанның кескіні естен кетпейді ғой...

+0
01 қараша 2012, 11:17

Аш кезде жеген құйқаның дәмі кетпейді деп аталарымыз айтқандай, сүттің ақысы да

+0
01 қараша 2012, 12:09

Жамандықтың алдыңнан міндетті түрде шығатыны секілді жасаған жақсылығың да еш кетпейді екен. Және күтпеген жерден шығады алдыңнан. "Көреріңді көрмей көрге кірмейсің" деуші еді. Жамандығыңның да, жақсылығыңның да өтеуін өтеп барып өтесің деп сенемін.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Қырынуға арналған көбіктен декоративті қағаз жасау
Қырынуға арналған көбіктен декоративті қағаз жасау

Сыйлықтың сыртын қаптауға арналған қағаздарды қолдан жасау

Анамның құшағын сағынып жүрмін
Анамның құшағын сағынып жүрмін

ҚазҰУға түсіп анамды таптым

Добрый кит
Добрый кит

Синий кит әлде Добрый кит ? 50 күндік игі іс

Автор: Nazym Samet

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...