Шаш күтімі: Ламинирлеу

Шаш күтімі: Ламинирлеу
Фото: www.centaurusweb.it

Сұлулық салондары бет, тері және шаш күтіміне арналған түрлі процедуралар ұсынып жүр. Солардың ішінде, бойжеткендер жиі жасататын процедуралардың бірі — ламинирлеу (ламинирование).

Әр бойжеткен әдемі, жұмсақ, жылтыр және қалың шашқа қызыға қарайтыны рас. Мұндай нәтижеге жету үшін бойжеткендердің көпшілігі ламинирлеу процедурасын, яғни әр шашының тегіс емес, бұдыр және қабатталған жерін түзейді. Біздің шашымызға күн сайын фен, үтік, жиі жуу, түрлі шаш үлгісін жасауға араналған құралдар, күн сәулесі және басқа да жағдайлар зиянын келтіреді. Солардың барлығынан қорғау үшін шашты ламинирлеу кезінде оған арнайы құрал жағады. Ендеше, шашты ламинирлеу процедурасы туралы толығырақ тоқталайық.

Шашты ламинирлеу процедурасын қалай жасайды?

1.Шашты терең тазартатын арнайы сусабынмен жуады, бальзам қолданбайды. Шашыңызды орамалмен орап, 3-5 минут шамасында ұстайды. Содан соң тарап, шаш түбінен 1,5-2 см орын қалдырып, қалпына келтіруші құнарландырылған және ыстық фазалы құрал жағады. Оны шашта 15-20 минутқа (құралды шашта ұстау уақыты шаштың қаншалықты зақымдалғанына байланысты) қалдырып, арнайы жылытатын қалпақ кигізіп қояды. Одан соң жылы сумен шаяды.

2. Ылғал шашыңызға екінші суық фазалы қалпына келтіруші құрал жағады. Бірінші кезеңдегі секілді шаш түбіне 1,5-2 см орын қалдырады. Бұл этапта құрал шашыңызда орташа есеппен 10 минуттай тұрады. Содан соң суық сумен шаяды.

3. Зақымдалған шашқа арналған арнайы мусс жағады. Мұндай муссты дүкеннен сатып алып, үйде шаш жуып болған соң да қолдануға болады. Содан соң шашыңызды дөңгелек тарақпен тарап, фенмен кептіреді.

Шашты ламинирлеудің артықшылығы

– Шашыңызды жұмсақ әрі жылтыр етеді;
– Шашыңыз берік және сау көрінеді;
– Процедурадан соң шашыңыз 3 апта шамасында зиянды әсерлерден қорғалады;
– Шашыңыз 1-ші, 2-ші және 3-ші фазалы пайдалы заттармен байытылады;
– Шашыңызға лак немесе гель қолданбай-ақ шаш үлгісін жасауға икемді болады;
– Ламинирлеу процедурасын боялған шаштарға жасасаңыз, түсі қанық бола түседі.

Шашты ламинирлеудің кемшілігі

– Шашқа үтік қолдануға тыйым салады, себебі ол ламинирлеу эффектін азайтады;
– Бастапқы жылтыры мен жұмсақтығы 1-2 аптадан соң кете бастайды (шашты жиі жууға және жағдайына байланысты);
– Ламинирлеу процедурасынан кейін шашыңызды жуған кездері кебуі ұзаққа созылады;
– Процедура ұзақ жасалады;
– Процедура арзан тұрмайды (шаштың ұзындығына байланысты қымбаттай береді).

А. Жапатова