- Негізгі бет
- Сымбат
- Жылдам арықтататын балдыркөк...
Жылдам арықтататын балдыркөк сорпасы
Америкалық хирургтер семіздікпен ауыратын адамдарды операция алдында арықтататын сорпа ойлап тапқан.
Сорпа өте тиімді, мұндай диетаны ұстау қиын емес және жылдам арықтауға жақсы көмектеседі. Балдыркөк (сельдерей) диетасына қарсы көрсетім жоқ және қандай да бір шектеу қойылмаған. Диетаны кез келген адам ұстай алады. Балдыркөкті күнделікті қолдану жалпы нығайтушы, жасартушы және тазартушы әсер береді.
Балдыркөк диетасы 1 аптаға есептелген. Мұндай диета кезінде банан мен жүзімнен басқа жемістерді және картоптан басқа көкөністерді жей беруге болады. Таза су, минералды су, көк шай және қантсыз кофе ішуге болады. Диетаның негізгі шарты — куніне бір рет бір тәрелке сорпа ішу.
Сорпаға қажетті азық-түліктер:
- 400 гр балдыркөк сабағы;
- 0,5 кг ақбас капуста;
- 6 орташа пияз;
- 3 орташа қызанақ;
- 2 жасыл болгар бұрыш;
- тұз, қара бұрыш.
Дайындалу жолы:
Көкөністерді жуып, тазартып, тураймыз. Барлығын қазанға салып, 3 литр су құямыз. Оған дәміне қарай тұз және қара бұрыш саламыз. Қазанды отқа қойып, қыздырамыз. 10 минут қайнатамыз. Содан соң бұқтырып, көкөністер жұмсарғанша қайнатамыз. Өте пайдалы және арықтататын балдыркөк сорпасы дайын!
А. Жапатова