Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / Шаш күтімі: Кератинді түзету

Шаш күтімі: Кератинді түзету

Шаш күтімі: Кератинді түзету

Егер шашыңыз бұйра болса, оны бір күні түзеткіңіз келеді. Сол кезде көмекке келетін арнайы салондық процедуралар бар. Тіпті, шашыңызға химиялық бұйра салсаңыз да, оны қайтадан түзетіп бере алады. Сондай процедуралардың бірі  шашты кератинді түзету. Ендеше, кератинді түзету туралы не білуіміз керек?

Шашты кератинді түзету туралы ғылыми мәліметтерге келетін болсақ, кератин деп шаштың, тырнақтың және терінің мүйізгек қабығының құрамына кіретін, ерекше тығыздыққа ие бүлкілдек ақуызды айтады. Шашқа арналған кератиннің құрамына басқа да пайдалы заттар кіреді. Оның құрамында басқа да формулалы ақуыздар бар. Басқаша айтқанда, бұл құрылғыны «сұйық шаштар» деп айтсақ та болады. Сол себептен ғана кератин шашты қалпына келтіріп, шаштың құрылымына әсер етіп, мүйізгек қабатты өзгертуге әсер ете алады. 

Шаштың 90 пайызы кератиннің тығыз ақуызынан тұрады, сондықтан шашыңызға кератинді түзету немесе қалпына келтіру жасаған кезде құрылғының молекулалары осы ақуызды тығыздатуды қамтамасыз етіп, серпінді функцияны жоғарылатады. 

Кератинді түзетудің артықшылықтары:

- Бұл процедурада химиялық қоспалар қолданбай-ақ шашты түзетеді;
- Шашыңыз тез таралады;
- Процедура кез келген типті шашқа келе береді;
- Шашыңыз жылтырап, жұмсақ бола түседі;
- Шаш үлгіңіз қатты желдің өзінде бастапқы күйін сақтайды;
- Процедура ұзақ эффектке ие. Кератинді түзету 5 айға дейін қалпын сақтап тұрады;
- Шашыңызды қоршаған ортаның кері әсерлерінен қорғайды (газдалған ауа, шаң, күннің көзі);
- Шаштың электрленуін ұмытасыз. Ол әсіресе, қыста бас киім киген кезде көп болады;
- Егер шашыңызды химиялық бұйралап, нәтижесі ұнамай қалса, екі апта өткен соң кератинді түзетуге болады.

Кератинді түзетудің кемшіліктері:

- Процедураны жасаған соң шашты 72 сағат мерзімінде жууға болмайды;
- Салоннан кератинді түзету жасап шыққан соң, жаңбыр жауып тұрса, міндетті түрде қолшатыр ұстаңыз. Себебі процедураның нәтижесі жойылады, негізінен алдын ала ауа райын қарап, жауынсыз күні жасатқан абзал;
- Шаш түзететін құрал құрамының кей компоненттеріне аллергиялық реакция болуы мүмкін;
- Кератинді түзетуден соң шашыңызды 3 күн бойы өруге, түюге және т.б. шаш үлгілерін жасауға болмайды;
- Процедура кезінде құрылғының құрамына байланысты көзіңіз қызарып, жас келуі мүмкін;
- Уақыт өте шаштың ұштары сына бастайды, соның себебінен ұшын қиюға мәжбүр боласыз;
- Шаштың көлемі жоғалады;
- Егер шашыңыз қатты қалың болса, процедура нәтижесі ойлағандай ұзақ сақталмайды;
- Процедура уақыты ұзақ. Егер шашыңыз белге дейін ұзын болса, салонда 3-5 сағат көлемінде отыруға дайындалыңыз.

Косметологтардың айтуы бойынша, кератинді түзетудің зияны жоқ. Кератинді түзетуді шаш түзету, жылтырату қажет ететін және шаш үлгісіне бағынбайтын, қиын таралатын шаштарға жасаған жөн.

Кератинді түзетуді жасауға болмайтын жағдайлар:

- Бас терісінің зақымдалуында;
- Бас терісінің кей ауруларында, дәрігерден кеңес алған жөн;
- Егер шашыңыз көп түсетін болса, кератинді түзету жасауға болмайды. Себебі, процедурадан соң шаш ауырлай түседі. Шаш фолликулдарына ауыртпалық түседі де, шаштарыңыз одан көп түсетін болады;
- Аяғы ауыр немесе бала емізу кезінде.

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: zvezdadv.ru
Қосылған күні: 11 сәуір 2016, 16:25

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.