Шашыңызға көлем беріңіз

Шашыңызға көлем беріңіз

Шашыңыз табиғатынан жұқа ма? Оған көлем беріп, қалың қылып көрсеткіңіз келсе, мына кеңестермен таныс болыңыздар.

Шаштың көлемді болып көрінуі оның түсі мен шаш сәніне байланысты болады. Шашыңыз неғұрлым қара болса, соғұрлым көлемсіз көрінеді. Алайда шашты сары түске бояуға асықпаңыз. Шашты бояуға қорықпасаңыз, колорирование істесеңіз болады.

Көлем үшін шаш бояуға дайын емес аруларға қазіргі косметикалық компаниялар түрлі лак, спрей, мусс ұсынуда. Олардың арасынан шашқа көлем беретін, жеңіл түрлерін таңдаңыз. Бірақ оларды қолданудың да өз сырларын біліп жүрген дұрыс.

Қажетті нәтижеге қол жеткізіп, көлемді шаш иегері атану үшін, шаштың түбіне бірнеше түйір көлем беретін мусс жағып, шашты саусақтармен үрпитіп не өсу бағытына қарсы тарақпен тарап қойыңыз. Шашыңызды сәндегеннен кейін лакпен көлемді қатырыңыз.

Қысқа шашты қыздар төбе шаштарын орташа бигудиге бұрап, фен көмегімен 5-7 минут шашын кептіріп, бигуди шешкеннен кейін шашын қолымен тарап қойғаны дұрыс.

Ал ұзын шашты арулар шашының беткі қабатын бигудиге бұрап, 10 минутқа қалдыру керек. Бигудиді шешіп, шаш көлемін гель көмегімен қатырып қойыңыз.

Әрине шашқа көлем берудің ең басты құралы - фен. Фенге арналған кейбір қондырмалар арнайы шашқа көлем беру үшін жасалған. Солардың көмегімен бірнеше минут шаш кептіріп, көздеген көлемге қол жеткізуге болады.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: sovetland.ru, steps2fortune.ru

С. А