Сүрмені дұрыс пайдалану жолдары

Сүрмені дұрыс пайдалану жолдары
Фото: ustimochka.ru

Көз – адам жанының айнасы. Макияж жасауда бір сөмке косметиканың орнына жалғыз сүрмені пайдаланып-ақ сұлу бола аласыз. Алайда көптеген қыз оны дұрыс пайдалануды білмейді.

Қабаттап жағу

Кейбір арулар сүрмені мейлінші көп жағу керек деп ойлайды. Алайда оны екі реттен артық қабаттап жақпаған жөн. Көп қабат сүрме бояуы кірпіктерді ауыр етіп көрсетеді. Әрі сүрме тез еріп, аға бастайды.

Түтікті ашып-жабу

Түтікті ашқан соң ішіне ауа кіріп, бояуды құрғатады. Демек сүрменің жарамдылық мерзімі азаяды. Сонымен қатар қыздардың көбі жаққышты түтікке бірнеше рет батырып, жағады. Бұл ауаның кіріп-шығуына көмектеседі. Сондықтан егер сүрменің жарамдылығы ұзаққа жетсін десеңіз, жаққышты түтіктен бір рет қана алып шығып, жағыңыз.

Ұзақ сақтау

Егер сүрмені қашан сатып алғаныңызды еске түсіре алмасаңыз, демек ауыстыратын кез келді. Жарамдылық мерзімі өткен сүрме көзге зиян. Бір сүрмені 3 айдан артық пайдаланбаған жөн.

Кірпікті толық боямау

Егер сүрме бояуын кірпіктің ұшына ғана жағатын болсаңыз, кірпік қысқа болып көрінеді. Сондықтан кірпікті толық бояп шығыңыз.

Асығу

Сүрмені пайдалану кезінде асықпаңыз. Әйтпесе, бояу қалай болса солай жағылып, кірпіктің үстіне тиіп қалады. Оны кетіру барысында кірпіктің ұшы төмен қарап қалуы мүмкін.

Ф. Абилова