Сүрмені қалай таңдаймыз?

Сүрмені қалай таңдаймыз?

Сүрме – кез келген арудың beauty-арсеналынан табылуы тиіс бағалы элемент. Бүгін біз оны қалай таңдап, пайдалану керектігін талқылаймыз.

Ең алдымен, сүрме щеткасын дұрыс таңдау керек. Қалың щетка кірпікті көлемдірек етсе, иілген щетка кірпікті иілдіріп, көзді айқындайды. Ал пластмассадан жасалған щетка кірпікті «тарап», жабысып қалмауына көмектеседі.

Қара түсті сүрме көз, шаш және бетінің түсіне қарамастан кез келген аруға жарасымды екенін есте сақтаңыз.

Егер сүрме тек бояу үшін емес, кірпікке күтім жасай алуы қажет болса, оның құрамын жақсылап зерделеңіз. Онда ара балы, кварц, кератин, пантенол, УФ-өткізбеуші, каолин мен дәрумендер кіруі керек.

Суға төзімді сүрмені көп пайдалануға болмайды. Одан тіптен бас тартсаңыз нұр үстіне нұр болар еді. Ал егер бас тарта алмасаңыз, оны арнайы сұйықтықпен ақырындап көзден кетіру керек.

Сүрме жақсы «жатуы» үшін, түтікте қолмен ысқылап, жылытыңыз немесе жылы суға салып қойыңыз.

Егер кірпіктеріңіз үнемі жабысып қала беретін болса, майлықпен сүрме щеткасын тазалап көріңіз.

Щетканы түтікке бірнеше рет қатарынан салмаңыз. Себебі ол оған ауа кіріп, бактериялардың көбеюіне және сүрменің тез қатып қалуына алып келеді.

Көзіңізді айқындау үшін сүрмені екі қабат етіп жағыңыз. Бірақ алдымен бір қабатының кепкеніне көз жеткізіңіз.

Төменгі кірпіктерді аздап бояғаныңыз абзал. Сүрмені ванна, батарея, лампа секілді күн мен жел кіретін жерлерден алшақ ұстау керек. Оны жабық, жылы жерде сақтағаныңыз дұрыс.

Сурет: plus.google.com

Ұқсас жазба:

Жігіттердің арманындағы ботагөз ару болу оңай ма?

Ф. Абилова