Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сымбат / "Евровидение-2015" жеңімпазы 40 келі салмақтан қалай арылғанын айтып берді

"Евровидение-2015" жеңімпазы 40 келі салмақтан қалай арылғанын айтып берді

Полина Гагарина 2007 жылы 14 қазанда ұлын босанғаннан кейін өзіне артық салмақ қосты. Әнші ол уақытта актер Петр Кисловтың жары болатын. Палина Андрей Малаховкe «Евровидениеден» кейін берген сұхбатында аз уақыт ішінде қалай арықтағандығын айтып берді.

«Менің 40 келі салмақтан арылғанымды білесің ғой. Енді денемде бірде-бір май қатпары жоқ. Біріншіден, ерекше диета түрін ұстандым. Алғашқы күні тек қана күріш, екінші күні тек тауық еті, үшінші күні тек көкөністер сынды тағамдарды кезектестіріп отырдым. Мұнымен қатар, кешкі сағат алтыға дейін ғана тамақтандым», - деп Полина Андрейге мақтанып алды.

«Алғашында қиын болғанын жасырмаймын. Үнемі ашығып жүрдім. Артынша асқазаным үйрене бастады. Арнайы тағамдарды таңдау мәселесі ұнай бастады. Бәрінен де сол уақытта оқып жатқан МХАТ мектеп-студиясы ауыртпалық түсірген еді. Күнделікті үш сағат бойы сахналық қимыл-қозғалыстар жасап, қылыштасып, артынша Алла Сигаловамен бірге драмалық билер орындадық. Осы ауыртпалықтарға бола сүттім шықпай қалды», - деп қиналған күндерін еске алды.

Полина Андрейдің ұлын небары бір ай ғана емізді. "Артынша дүкеннен арнайы тағамдар сатып алып бердім. Қысқасы жарты жылдың ішінде 30 келі салмақтан арылдым. Одан кейін салмағым бірден он келіге азайды. Мен ісініп кеткендей болдым! Сол уақытта шашымды аққұба түске боядым. Құдды сол бояу денеме еніп, ағзамдағы артық майды сыртқа шығарғандай болды. Осылайша салмағым 47 келіден өзгермеді. Ағзамда ерекше өзгеріс болғандай күй кештім", - деп жұлдыз күліп алды.

Әнші дәл қазір ешқандай диетаны ұстанбайтынын айтты. Бар болғаны пайдалы тағамдарды ғана тұтынады екен. Күнделікті асынан ұнды, тәтті, майлы тағамдарды алып тастаған. Кейде тамақтануды да ұмытатын әдеті бар. «Қойылым бітті» өлеңінің орындаушысы жаттығу залына, жүзуге барады. Және бар күшін концертке дайындыққа салады.

Венада 60-рет болып отырған «Евровидение» байқауында екінші орынды иеленген Полина Гагарина өзі ұстанған диетаның қағидаларымен бөлісті.

1. Жейтін тағамыңыздың мөлшері аз әрі ағзаға оңай сіңетіндей болуы керек.

2. Майлы, калориялы тағамдарды көкөністермен, жеміс-жидектермен, теңіз тағамдарымен алмастырыңыз.

3. Әр маусымда жаңа піскен көкөністерді жеу арқылы ағзаңыздағы зат алмасу процессін жақсартасыз.

4. Алма бет терісіне балғындық сыйлап, ішек жолын тазартады.

5. Құрамында крахмалы бар тағамдардан, алкоголь мен тәттілерден түбегейлі бас тартыңыз.

6. Күнделікті бөлке нанды майда тартылған ұннан жасалған тағамдарға алмастырыңыз.

7. Сорпа ішуді ұмытпаңыз. Алайда оны дайындау үшін тек арық етті пайдаланғаныңыз жөн.

8. Мерекелік кештерде де артық тамақ жеуге болмайды.

9. Ұйықтар алдында, түнде тамақ ішуге болмайды. Кешкі асты ұйқының алдында екі сағат бұрын ішіп үлгеруіңіз керек.

10. Таңғы асқа сұлы немесе бидайдан жасалған ботқа жеңіз. Ботқаға жеміс-жидек, жаңғақ араластырып жеуіңізге болады. Табиғи балды тұтынуды ұмытпаңыз.

11. Түскі асқа көкөністерден жасалған салат немесе майсыз еттен жасалған сорпа таңдаңыз.

12. Бесіндікке майсыз ірімшік, грек жаңғағын, орман жаңғағын, бадам таңдаңыз.

13. Кешкі ас барынша жеңіл болуы тиіс. Оған кез келген теңіз тағамдары, айран, пісірілген көкөністер сай келеді.

14. Күніне кем дегенде 1,5 литр су ішіңіз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 29 мамыр 2015, 19:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.