Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Арықтауға арналған сусындар

Арықтауға арналған сусындар

Арықтауға арналған сусындар

Арықтау үшін диета ұстанып, жаттығулар жасайсыз. Бұл жолда сізге тағы не көмекке келе алады? Арықтауға арналған сусындар жайлы көбірек білейік. 

Лимонды су  

Арықтау үшін күнделікті 1,5-2 литр су ішу керек деген ережені білетін шығарсыз. Алайда мұнша көп таза суды ішуге дағдыланбаған ағзаға бұл қиын бола алады. Қарапайым суды лимон қосылған сумен алмастырсаңыз, сіз күнделікті су мөлшерін ішіп, ағзадағы зат алмасу процестерін тездетесіз. Сонымен қатар лимонды су шөлді жақсы қандырады, ол жылдың ыстық мезгілдерінде пайдалы болмақ. 

Лимонды сусынды дайындаудың бірнеше қарапайым жолы бар: 

1. Лимон кесегін қайнаған суға қосып, 10-15 минут күтіңіз (1 кесек 1 стақанға).  

2. Жарты лимоннан сығылған шырынды бір стақан жылы суға құйып, бір шай қасық бал қосыңыз. Бұл лимонды сусынды ұйқы алдында ішкен өте пайдалы.

3. Жасыл шайға лимон шырыны мен алма сірке суын (бір шай қасық) қосыңыз. Бұл шайді күніне 3 реттен жиі ішуге болмайды. 

Лимонды су көмегімен арықтау ережелері: 

Арықтағысы келетіндер лимонды суды күнделікті таңертең аш қарынға және ұйқыға 1-2 сағат қалғанда ішсін. Әрине жалғыз лимонды суда арықтап кету мүмкін емес. Жалпы рационыңызға көңіл бөліңіз: тәтті, майлы, тым тұзды, қуырылған тағамдардан бас тартып жазда пайда болған көкөністер мен жемістерді көптеп жеңіз. 

Айта кетсек, бұндай лимонды сусын ішкеннен кейін ауызыңызды таза сумен шайған дұрыс. Себебі лимон шырыны тістің эмалін бұза алады. 

Сондай-ақ асқазаны, ас қорыту жүйесінің қиындықтары бар адамдар лимонды тым көп қабылдамағаны дұрыс. 

Даршын мен бал  

Арықтауға көмектесетін тағы да бір "сиқырлы" сусын құрамына бәліштерге қосатын дәмдеуіш – даршын мен бал кіреді. Даршын мен балдың қосындысы майдың ағзада қалмай, толықтай шығуын қамтамасыз етеді.             


Сусынды кешке, ұйықтар алдында әзірлеген дұрыс. Жарты шай қасық даршын мен 1 шай қасық бал алыңыз. Даршын мен балдың қатынасы 1:2 қатынасындай болуы қажет. Даршынды бір стақан қайнап тұрған суда ерітеміз. Енді судың суығанын күтіңіз. Суыған даршын қосылған суға балды қосып, жақсылап араластырамыз. Балдың пайдалы қасиеттері өте ыстық суда құртылады. Сондықтан суды бөлме температурасына дейін суытқан дұрыс. Дайын болған сусынды екіге бөліп, біреуін кешке, екіншісін ертең таңертең ішіңіз. Сусынды тоңазытқышта сақтаңыз. 

Сусын барынша әсерлі болуы үшін оны таңертең аш қарынға, таңғы асқа дейін ішкен дұрыс. Лимонды суды сияқты бұл сусынды да кешке ұйықтар алдында да ішуге болады. 

Даршын мен бал қосылған сусын адам ағзасын артық бактерия, паразиттерден тазартады. Сондықтан бұл сусынды қабылдап дереу арықтайсыз, алайда арықтау бірден тоқтап қалады. Оған физикалық жаттығулар мен дұрыс тамақтануды қосып, арықтауды жалғастыра аласыз. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: diary.ru, zdorovie.com, pravda-tv.ru

32489 4
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 16 шілде 2013, 09:25
Пікірлер
+0
16 шілде 2013, 11:48

Пайдалы кеңестер екен! Рахмет!

+0
16 шілде 2013, 12:46

лимон кесегімен дайындап қоймасам, даршынның дәмі ұнамайды

+0
19 шілде 2013, 20:37

Сасси суы туралы да айтып өтуге болады осы жерде))) өзім қолданып көрмедім, бірақ елдер керемет дейді: Екі литр суға бір қияр, бір лимон, 12 жапырақ жалбыз, бір шәй қасық зібір тамырының үгіндісін (порошок емес) салып, түнге холодильникке салып қояды да, келесі күні ішеді екен. Өте өте көмектеседі-мыш)) Көру керек екен, кәдімгі судың орнына ішіп))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...