Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Аспаздық / Лимон қосылған судың пайдасы

Лимон қосылған судың пайдасы

Лимон қосылған судың пайдасы

Судың адам ағзасына қаншалықты пайдалы екені бұрыннан-ақ белгілі. Диетолог-мамандар су диетасына сәйкес күн сайын аш қарынға 1 стақан таза су ішу керектігін айтады. Сондай-ақ, олар таза суға лимон тілімдерін қосып, ішкен дұрыс екенін дәлелдей білген.

Лимон тілімдері қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға, склероз, анемия сияқты аурулардан арылуға жол береді.

Лимон құрамындағы магний, калий мен С дәрумені ми, жүрек және жүйке жүйесі жұмысын жақсартады, қан қысымын бір қалыпқа келтіреді. Теріге нәр береді, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді.

Артық салмақтан арылуды мақсат тұтқан жандарға лимон қосылған су көмегін тигізе алады. Лимон шырынының құрамындағы пектин ас қорыту жүйесін жақсартып, артық салмақтан арылуға жол береді. Ол үшін күнделікті 1 стақан лимон қосылған суды үш мәрте қабылдау керек.

Лимон қосылған қайнатылған жылы су бауыр, өт, бүйрек ауруларының алдын алып, бұл мүшелердің жұмысын жақсартады. Өт жолында тастардың жиналмауына ықпал етеді. Ағзаны зиянды қалдықтардан арылтады. Қан құрамындағы токсиндерден арылтып, терідегі пигментті дақтардың көзін жояды. Безеу, секпіл, әжімнің түсуіне жол бермейді. Теріні тазалап, оны ағартады.

Күнделікті таңертең аш қарынға қабылданған лимон қосылған су жүйке жүйесінің жұмысын бір қалыпқа келтіріп, бойға күш-қуат пен сергектік береді. Стресс, күйзеліс, көңілсіздіктің болмауына ықпал етеді. Жаздың аптап ыстық күндері бұл шырын шөлден құтқарса, қыстың күні жанға жылулық пен күш сыйлайды.

Қайнаған 1 литр ыстық суға лимон тілімдерін салып қойыңыз. Суыған кезде аз-аздан қабылдай бастаңыз. Кейін қабылдау мерзімін жиілетеңіз. Сондай-ақ, қалауыңыз бойынша, бұл шырынға 1 шәй қасық бал немесе жалбыз жапырағын қосуға болады.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: slim-motivator.ru, 4girls.com.ua

33072 0
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 25 қыркүйек 2012, 13:05
Пікірлер
+0
25 қыркүйек 2012, 13:01

кору керек екен

+0
25 қыркүйек 2012, 14:35

Қолданып көрмесем

+0
25 қыркүйек 2012, 16:09

Мен де күнде лимон қосылған су ішкім келіп кетті.

+0
25 қыркүйек 2012, 17:23

ооо жаксы екен истейинши уйге барып азанда ишип кетип журейин сосын жумыска

+0
21 қазан 2012, 18:11

Иа ___Менде корейн байкап ))))

+0
26 мамыр 2014, 09:39

лимон қосылған суды ішіп жүргеніме 2 аптадан асты адамга шынында да әсері көөпп екен және артық салмақтан арылтуға да пайдасы мол екен 14 күннің ішінде мен 10 салмақтан арылдым өте қуаныштымын! :) :mrgreen: :o

+1
20 ақпан 2015, 15:46

Men 8 ai boldi shai ishpegenime tek kainagan su ishem tek limon kishkilinsiz. Kazirgi kezde shaidi ishwem dami baskasha unamsiz. Jane sizdergede bas tartuga kenes berem kurmetti okirman

+0
14 сәуір, 02:54

Жукти айелдерге колдануга бола ма?

+0
14 сәуір, 10:08

Лимон да, су да табиғи нәрсе, ешқандай зияны жоқ, іше беріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...