Ауа тазартқышты қолдан жасауға бола ма?

Ауа тазартқышты қолдан жасауға бола ма?

Күнделікті пайдаланатын спрей ауа тазартқыштардың пайдасынан гөрі зияны көбірек екенін біреу білсе, біреу білмес. Мұндай ауа тазартқыштарды ұзақ мерзімде жүйелі пайдалану астма, аллергия, тыныс жолдары ауруларын былай қойғанда онкологиялық дертке шалдықтыратынын Американ мамандарының жүргізген тәжірибелері дәлелдеп отыр.

Сондықтан ауа тазартқыштарды өзіміз қолдан жасауымызға болады. Кішкентай кесеге не тәрелкеге су құйып, оған түрлі эфир майларының өзіңізге және отбасыңызға ұнайтын біреуін таңдап, тамызасыз.

Негізінен, цитрус майлары: мандарин, грейпфрут, апельсин, сондай-ақ иланг-иланг, лаванда, т.б. майлардың иістері жағымды болып саналады. Мұндай майлар кез келген дәріханада сатылады.

Ауа тазартқыштың эстетикалық жағынан әдемі болғанын қаласаңыз, бос бүріккішке су толтырып, оған қалаған майды қосып, аузын бұрап жауып қоясыз. Қажет кезінде бүркіп отырасыз.

Сондай-ақ шаруашылық заттар бөлімінде сатылатын арнайы хош иісті шырақтарды да осы мақсатта пайдалануға болады.

Денсаулығыңызды сақтаңыздар, ағайын!

Сурет: subscribe.ru

Оқи отырыңыз:

Шұңғылшадағы жағымсыз иістен қалай арылуға болады?

Денсаулыққа зиянын тигізетін ыдыстар

FlyLady болғыңыз келе ме?

Ф. Абилова